Ақтөбеде “Жастар үйі” пайдалануға берілді

    Ақтөбеде құны 1 млрд теңге тұратын “Жастар үйі” қолданысқа берілді. Бұл үй смартхоум типінде салынған.

    Жастар үйі 500 орынға арналған. Онда студенттер, магистранттар, жас мамандар қоныстанатын болады. Ғимараттың ашылу рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Сонымен қатар еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, облыс зиялылары, университеттің профессор-оқытушылары, студенттер келді.
    - Бүгінгі жеткен жетістігіміз егемендіктің арқасы. Егемендік болмаса бұндай білім алу болмас еді. Біздің Қазақстанда жастардың дүниенің түпкір-түпкірінен білім алуына жағдай жасалған. Болашақ бағдарламасы, Астанадағы Назарбаев университетін айтуға болады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бо-йынша жастардың білім алуына барлық жағдай жасауымыз керек. Олардың оқитын ғимараттары, жататын жатақханалары, бос уақыттарын тиімді өткізулеріне жағдай жасауымыз керек,- дейді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
    Облыс әкімі сөз соңында алда келе жатқан тәуелсіздік күнімен барлығын құттықтап, тілегін білдірді.
    - Жастарымызға барлық жағдайды жасасақ, жастарымыз Қазақстанның одан әрі дамуына үлкен үлесін қосатын болады. Бүгінгі ашылып отырған жатақхана университеттің қаржысына салынған. Университет жатақхана салуға 1млрд теңге бөлді. Бұл аз ақша емес. Жақында ғана технопарк ашылып, оған 250 млн теңге бөлген болатын. Бұдан өзге Гришина көшесінде 500 орындық жатақхана жөндеуден өтіп жатыр. Келесі жылы қолданысқа берелетін болады. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бойынша 56 пайыз болса, қазіргі таңда 80 пайызды құрап отыр,-деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
    Қызылорда облысынан келген студент жаңа жатақханадан орын алып, қуанышымен бөлісті.
    - Жатақханадан орын берді. Бұл жатақхананың ерекшелігі смарт оқу залы бар. Интернет тәулік бойы жұмыс жасайды, қолжетімді. Спорттық бөлмелермен қамтамасыз етілген. Жатақханадағы студенттердің толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалған. Егемендік күні қарсаңында осындай үлкен сый жасап жатырған университет басшылығына алғыс айтамын,-дейді ІІІ крус студенті Жаниет Бақдәулетқызы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде өнер орталығы ашылды
  • Бердібек Сапарбаев ақтөбелік оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады
  • Ақтөбеде 8 балабақша іске қосылды
  • Университет технопарк салмақшы
  • Студенттерге облыс әкімі гранты берілетін болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге