Баласын сатып сотталған әйел қайтадан түрмеге түскісі келетінін айтты

    Ақтөбеде баласын сатып, абақтыға қамалған келіншек тағы да қылмыс жасады. Айтуынша, мұндай қадамға ол тағы да түрмеге түскісі келгендіктен барған.

    Ирина Журавлеваның түрмеден босап шыққанына 4 ай болған. Төрт жыл бойы абақтыда болған ол бостандықта өмір сүре алмайтынын айтады. Ақтөбелік Ирина Журавлева 2013 жылы баласын 700 мың теңгеге сатып, 8 жылға бас бостандығынан айырылады. 4 жылын түрмеде, қалған жылдарын шартты түрде өтейтін болып 2017 жылдың шілде
    айында бостандыққа шығады.
    9 қараша күні саяжай ауданында өзінің жалдамалы пәтерінде Ирина қасындағы танысымен ішімдік ішеді. Ішімдіктің буымен Ирина 102 нөмеріне қоңырау шалып, «темір жол вокзалында бомба (жарылғыш зат) қойылған деп жалған ақпарат береді.
    - Түрмеден шыққаныма 4 ай болды. Ешқандай жерде жұмыс жасай алмаймын. Денсаулығым жарамайды. Қандай ауру екенін сіздерге айта алмаймын. Маған осы 4 айдың ішінде Мәскеу қаласындағы тәтем күн көруіме ақша жіберіп тұрды. Қашанғы біреуден ақша аламын. Өзімнің жүрісім мынау еш жерге жарамсызбын. Қайтадан түрмеге оралу үшін, осындай әрекетке бардым,- дейді ол.
    Ақпарат келген соң, полицейлер 20 минут ішінде Иринаның мекен-жайын анықтаған. Ирина Журавлева кінәсін толық мойындап, судья Гүлнар Тлеповадан істі ұзаққа созбай тез аяқтауын сұрады. Темір торға тезірек бару үшін терроризм туралы жалған ақпарат таратуға бел буған ол қылмыстық Кодекстің 273-бабы бойынша айыпталып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Зорлықшылардан қашқан ақтөбелік әйел мүгедек болып қалды
  • Жалған бомба туралы хабарлаған қария сотталды
  • Зейнеткер мас күйінде жарылғыш зат туралы хабарлады
  • Заңгер әйел алаяқтығы үшін айыпталуда
  • Түрмеге түскісі келген ақтөбелік сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге