Ақтөбелік тұрғынның үйіне жыртқыш құс ұшып келді

    Ақжар-2 аулындағы жеке үй ауласына жараланған жыртқыш құс ұшып келіпті. Жабыла шоқымақ болған қарғалардан арашалап қалған үй иесі құс туралы қарап, оны тиісті орынға тапсыру үшін интернеттен қарастырғанмен, байланыстың нашарлығынан біраз уақытын жоғалтқан екен.

    - Аулада сауысқан, қарғалар толып жүр екен. Жемтік тауып, соған жиналған шығар деп ойладым. Жақындағанда, бәрі ұшып кетіп, бір құс қалып қойды. Барсам, осы отыр. Бір таныс аңшыға телефон шалып едім, жолда екен, даусын анық ести алмадым. Көршім торға салып қойды. 3 сағаттай торда отырды. Ғаламтордан іздестіріп сіздерге, "Диапазонға" хабарластым. "Диапазон" "Жас натуралистер станциясының" мекенжайын берді. Көршім де – аңшы. Ақыл сұрап едім: "Тұздалмаған жылы ет беріп асыра" деді. Ет беріп көрдім, бірақ жеген жоқ, - дейді кәсіпкер Алғабек Бокаев.
    Ұша алмайтын жыртқыш құс туралы естіген "Жас натуралис-тер станциясының" директоры мен қызметкері оны алып кетуге келіпті.
    - Қазір бізде мұндай құстың біреуі бар. "Канюк-курганник" деп аталады (Аударма сөздікте "жүнбалақ жамансары" деп берілген – Е.Қ.). Бізде тұрғанына 1 жылдай болып қалды. Бізге түскен құстар қалпына келгенмен, ұшып кетпей, тұрақтап қалып қояды. Үйреніп кетеді, далада өмір сүре алмайды. Мысалы 1 бүркітке күніне 600 грамм ет керек. Жамансары 200 грамм ет жейді. Олардың тамағы үшін қалдық еттерді Құс фаб-рикасы секілді түрлі мекеме, компаниялардан сұрап аламыз. Олар бізге осы жағынан көмектесіп тұрады. Жазда Самара қаласындағы натуралистер станциясына барып қайттық. Мына құсты қараймыз, әзірге қай жері жарақаттанғаны белгісіз. Бізде жануарлардың денсаулығын тексеріп анықтайтын арнайы аппараттар жоқ. Биологтар, педагогтар анықтайды. Келіңіздер, көріңіздер, - дейді станция директоры Орал Сенғалиев.
    Жамансарының бойынан қансыраған ашық жарақат байқалмады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік екі сәбидің ата-анасы әлі күнге табылмай жатыр
  • Ақтөбеде бес балалы отбасы далада қалды
  • Ақтөбедегі “Димаш” бағына алма ағаштары отырғызылды
  • ҚАРЫЗҒА ҰЯТ БАР МА?
  • ТАЛ ТҮСТЕ ТАЯҚ ЖЕДІМ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге