Жақында жағдайын айтып телеарналарға, газет беттеріне шыққан жалғыз басты әкеге қала әкімдігі атынан бір бөлмелі пәтер берілді.
Мүгедек баласын бағып отырған ақтөбелік Асылбек Оспанов уақытша баспаналы болды. Бүгінде өзі жұмыссыз әке баласының жәрдемақысына күн көріп отыр.
- Жағдайымды айтып көпшіліктен көмек сұрадым. Менің жағдайымды ескеріп жатқан әкімшілікке алғыс айтамын. Қалалық әкімшілік бөлімі хабарласып, маған бір бөлмелі үй беретіндерін айтты. Маған көмек көрсеткен барлық азаматтарға, бұқаралық ақпарат құралдарына алғысым шексіз. Енді баламды Ресейге апарып емдетсем деген ойым бар. Мүгедек баламды өзім бағып отырмын. Жұмыс жасамаймын. Балама берілетін жәрдемақыға күн көріп отырмыз. Жолдасыммен ажырасып кеткеніме біраз жыл болды. Әйелімде үлкен ұлым бар. Ол да сал ауруына шалдыққан. Өзім екінші баламды бағып отырмын,- дейді Асылбек Оспанов.