Ақтөбеде газ қымбаттайды

    Ақтөбеде газ қымбаттайды

    Жаңа жылдан кейін газдың бағасы 10 пайызға қымбаттамақ. “ҚазТрансГаз” Акционерлік Қоғамының айтуынша, газдың бағасын өсіруге бірнеше себептер бар екен.

    «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы жылу бағасының өзгеруіне байланысты қоғамдық тыңдау өткізілді. Қоғамдық тыңдауға мемлекеттік органдар өкілдері, тұтынушылар, «ҚазТрансГаз» АҚ Ақтөбе өңірлік филиалы басшылары, қоғам қайраткерлері мен тұтынушылар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
    Ақтөбе облысына газды жеткізумен «ҚазТрансГаз» АҚ айналысады. Табиғи монополияларды реттеу бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қадағалау комитеті бұйрығымен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Ақтөбе өңірлік филиалы газды тасымалдаудың тарифі он пайызға өсіріп отыр. Тарифтің өсуі Ақтөбе облысының елді мекендерін газдандыруға бағытталған 2015-2020 жылдарға арналған инвестициялық жұмыстармен байланысты дейді,- «ҚазТрансГазАймақ» АҚ директоры Бахтияр Ізбасаров.

    - Қазіргі таңда Ақтөбе облысының елді мекендерін газдандыру жұмыстарына байланысты қызмет көрсетілген газ құбырларының ұзындығы артып, тұтынушылардың саны да өсіп отыр. Өткен жылы 10 елді мекенге көгілдір отынды пайдалануға рұқсат берілді. Ырғыз, Комсомол, Еңбек, Талдысай, Кесешек, Аққұдық, Жайсан, Вайль, Бошословка, Алтынды 2521 абонент қосылған. Газдың көтерме бағасы 5288 теңгені 1000м3 құрайды. Ол бағаны Астанада министрлік бекітеді. Оның бағасына қатысымыз жоқ. Ал, біз сол газды сатып алып, халыққа жеткізіп сатамыз,-деді ол.
    Тыңдауға келген зейнеткерлер газдың қымбаттауына қарсылықтарын білдірді. Бір жылда екі рет газды өсіру қарапайым халықтың күн көрісін қиындататынын айтты. Бес жылға арналған жоспарларын көрсетуді сұрады.
    - Газдың бағасының қымбаттауы халықтың, шағын және орта бизнес-ке де кері әсерін тигізеді. Жазда ғана бұл мәселесін көтерген болатынбыз. Енді, тағы сол мәселені көтеріп отырмыз. Халықты сонша әуреге салуға бола ма? Газдың бағасын көтермеу керек. Бағаның көтерілуі инфляцияға әкеледі. Кәсіпкерлер күн көрер, ал бір жалақыға күн көріп отырған халық, зейнеткерлер қалай күн көрмек? Қашанғы халықты қинауға болады. Неге бес жылға бір рет тариф тағайындамасқа,-дейді облыстық мәслихат депутаты Марат Итеғұлов.
    Газдың нақты бағасы 29 желтоқсанда белгілі болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жылу қымбаттайды
  • Коммуналдық қызметке қанша төлейміз?
  • Облыс әкімі сұйытылған газдың бағасын реттеуді тапсырды
  • Кәсіпкерлер “Трансэнергоны” сотқа берді
  • Ақтөбеде электр энергиясы арзандайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге