Марат Телеуов: Ақтөбеде киностудия ашқым келеді

    Ақтөбелік режиссердің “Волшебник” атты қысқа метражды кинокартинасы Канн фестивалінде көрсетілді. Қазақстанның кино индустриясын Францияға таныстырып келген Марат Телеуов енді Ақтөбеде киностудия ашқысы келеді.

    Марат Телеуовтың айтуынша, небәрі 20 минуттық фильм осыдан бір жыл бұрын Алматыда түсіріле басталған. Ал биыл жазда Канн фестивалінде көрсетілді.
    -Толық метражды фильм түсіру үшін үлкен қаражат қажет. Қазақстан қазір дағдарыс жағдайында. Сондықтан инвесторларды батыстан, Еуропадан іздеуге тура келеді. Канн кинофестиваліне қатысқандағы басты мақсатымыз да осы еді. Жүлдеге ие болған жоқпыз. Алайда биыл өтетін фестивальға шақырту алдық,-дейді режиссер.
    Оның айтуынша, фильм түсіруге ешқандай қаржы кетпеген.Алматылық продюссер Данияр Ибрагимов фильмді киностудиясында тегін түсіріп, композитор Аскар Шафи ән жазып берген. Сиқыршы-ғалымның рөлін ақтөбелік мәдениет қайраткері, режиссер Жеңісбек Қалқабеков сомдаған. Ал детективтің рөлін бұрынғы театр актері, шоумен Азамат Айнағұлов ойнаған. Сондай-ақ бұл картинада танымал актер Қуанышбек Әділов те эпизодтық рөлдердің бірін орындап шыққан.Актерлер мен барлық түсіру тобы тегін жұмыс істеуге келісіпті.
    -Бұл фильм арқылы ақшадан да қымбат нәрселердің бар екенін көрсеткіміз келді.Ғалым-сиқыршы табиғи катаклизмаға әсер ететін ерекше құрылғы ойлап табады. Адамдар оны әскери қару-жараққа айналдырғысы келеді. Ал сиқыршы – ғалым өзін бұл фильмде жеңіл ақшадан аулақ данышпан ретінде көрсетеді. Фильм 80 пайыз ақтөбелік жігіттердің көмегімен түсірілді. Фестиваль талабына сай, кионокартинаны бұған дейін көрсетуге рұқсат берілмеген. Жаңа жылдан бастап интернет желісіне жүктеліп, қалың көрерменге жол тартты. Қазір тәулігіне 3000 адам қарап жатыр. Пікір сан алуан. Басым бөлігі жақсы бағалап жатыр,-дейді Марат Телеуов.

    Режиссер алдағы уақытта Ақтөбеде киностудия ашқысы келеді.
    -Ақтөбе талантқа толы. Арыға бармай-ақ қояйық. Қазір Ақтөбеден шыққан журналистердің көпшілігі республикалық деңгейде қызмет етіп жүр. Жоспар көп. Ақтөбеде киностудия ашқым келеді. Әзірге қолдау аз. Сондықтан биліктегілерге өз идеямды айтып, қолдау көрсетуін сұрамақпын. Егер ешқандай көмек болмаса, Ақтөбеден кетуге тура келеді. Алматыда қолдау көп, әрі инвестор табу да оңай,-дейді ол.
    Марат Телеуов белгілі продюссер Баян Алагөзова түсірген “Қозы көрпеш-Баян сұлу” телесериалына қатысты да өз пікірін білдірді.
    -Мен ол фильмді әлі көрген жоқпын. Алайда тарихи фильм түсіру кезінде мұқият болу керек деп ойлаймын. Оған жауапсыз қарауға болмайды. Өйткені біз бұл арқылы Қазақстанның тарихын жазып жатырмыз. Болашақ ұрпақтың алдында үлкен жауапкершілік жатыр. Бұған дейін “Жаужүрек мың бала” фильмінің жобасына қатысқанмын. Сол кезде Моңғолияның, Қазақстанның профессорларын жинап, актерлардың жоңғар тілінде сөйлеуіне ерекше мән бердік.Ең алдымен Қазақстанның тарихын құрметтеу керек. Фи льмді барлық мамандардың пікірін ескере отырып, кең экранға шығару керек деп ойлаймын,-дейді ол.
    Ақтөбелік режиссер биылғы Канн фестиваліне шақырту алғанмен, әзірге оған қатысуға лайықты кинокартина түсіріп үлгермепті. Бұған қаражат жағы қолбайлау болып тұр. Дегенмен ол келер жылы Франциядағы әлемдік деңгейдегі кинофестивалде өз бағын сынамақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақстандағы гейлердің өмірі туралы фильм БҰҰ байқауында жеңіске жетті
  • “Табиғи қасы мен кірпігі бар қыздар қажет”
  • Балалар фильміне кастинг жүріп жатыр
  • Ахтанов театрында әскери драма сахналанды
  • «Кенже» фильмі прокатқа шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге