Бағасы өспейтін 110 дәрі-дәрмек белгіленді

    Облыс әкімдігі, фармация комитетінің облыс бойынша департаменті мен медициналық техниканы сараптау орталығының директоры меморандумға қол қойды.

    Тізімге енгізілген 110 препарат кез-келген дәріханада халықтың көз алдында ілулі тұруы тиіс. Олардың ішінде аспирин, парацетамол, жараны таңуға арналған дәке, мақта, цитрамон, жөтелге қарсы, асқазан ауруларына арналған дәрі-дәрмектер бар. Меморандумның мақсаты-әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындардың дәрі-дәрмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету. Дәрі-дәрмектің бағасы бақылауда болады. Ол үшін арнайы жұмыс топтары құрылмақ. Құрамына қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары мен фармация комитетінің облыс бойынша департаментінің өкілдері кіреді. Олар дәріханаларды жүйелі түрде тексеріп, тізімге енгізілген медициналық препараттардың бағасын бақылауда ұстауы тиіс. Қазір өңірімізде 350 дәріхана бар. Оның 122-сі аудандарда. Саудадағы медициналық препараттардың 52 пайызы ғана отандық. Қалғаны шетелдік өнім. Фармация комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Ринат Құбатаевтың айтуынша, облыста фармацевт-мамандар жеткілікті. Әйтсе де дәріхана қызметкерлеріне қатысты шағым азаяр емес. Бірі -дәріханашыны дәрі-дәрмек жайлы толық мағлұмат бермеді деп кінәласа, енді бірі фармацевтердің дөрекілігіне шағымданған. Өткен жылы этика мен деонтологияны бұзған 10 дәріханашыға қатысты шара қолданылған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде әлеуметтік дәріханалар ашылады
  • Дәріхана қожайындары шетелдік дәрілерді алудан бас тартып жатыр
  • Облыс әкімі: Дәрі қымбаттамауы тиіс!
  • Дәрі-дәрмек елу пайызға қымбаттады
  • Дәрі-дәрмек қымбаттамайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге