Ақтөбедегі “орамал дауы” енді сотта қаралмақ

    Ақтөбеде орамал тағатын оқушылардың ата-анасы мектеп басшылығын сотқа берді. Олар қыздарын сабаққа кіргізбей қойған директордың әрекетін заңсыз деп тануды сұрап отыр.

    Өңірде орамал дауына қатысты азаматтық іс енді сотта қаралмақ. Ақтөбе тұрғыны Қайрат Жармағамбет № 10 мектептің әкімшілігін сотқа берді. Айтуынша, білім мекемесінің 8,9 сыныптарында оқитын екі қызы сабаққа кіре алмай жүр. Сондықтан ол мектеп директоры мен әкімшілігінің орамал тағатын қыздарын сабаққа кіргізбеуін заңсыз деп тануды талап етуде. Сотта ата-ананың құқығын адвокат Ағысбек Төлегенов қорғайды.
    -Мектеп директоры арызданушының қолына “Балаңыз 8 қаңтардан бастап мектеп формасын сақтамаса, мектепке кіргізілмейді” деген хабарлама берген. Оған қол қойып, мөр басылған.Осы арқылы мектеп директоры сот билігіне өз бетінше иелік етіп отыр.Заң бойынша,ол ата-аналарға мектепте оқу тәртібін жазбаша түсіндіре отырып, бағынбаған жағдайда мектепте оқытпау жөнінде талап-арызбен сотқа жүгінуі қажет еді. Ал сот шешімі күшіне енгеннен кейін балаларды мектепке кіргізбеуге рұқсат беріледі. Онда да бұл әрекетті директор емес, сот орындаушысы орындауы керек. Сондықтан олардың оқушыларды білім алу үшін мектепке кіргізбеген әрекеттерін соттың заңсыз деп тануын сұраймын,-дейді адвокат.
    Бүгін алдын ала сот тыңдалымы өтті. Мектеп директоры қандай да бір т үсініктеме беруден бас тартты. Азаматтық іс бойынша басты сот талқылауы 22 қаңтарға белгіленді. Ал арызданушы тарап сот шешімі шыққанша, оқушыларды сабаққа қатыстыру жөнінде талап арыз түсірді. Бұған дейін діндар ата-аналар балаларын сабаққа кіргізбегені үшін №19 мектепті сотқа берген. Алайда кейін талап-арыздарын қайтып алған еді. Айта кетелік, 2016 жылы шыққан Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, мектеп киімі үлгісіне түрлі конфессиялардың діни киім үлгісінің элементтерін қосуға жол берілмейді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде орамал дауы қайта ушықты
  • Ақтөбеде орамал таққан оқушыны сабаққа кіргізбей қойды
  • Ләззат Оразбаева: оқушылар орамал таққанмен, хиджаб кимейді
  • Әріптестеріне ерегескен ауыл тұрғыны үш баласын сабаққа жібермей қойды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге