Ақтөбеде анасын өлтірген келіншек сотталып кетті

    25 жастағы Оксана Диде 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Сотталушының екі жастағы ұлы қазір “Үміт’ сәбилер үйінде тәрбиеленіп жатыр.

    Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында туған анасын өлтірген келіншекке сот үкімі шықты. Айыптау актісіне қарағанда, қанды оқиға былтыр 9 қазанда болған. Сол күні сотталушы анасымен бірге ішімдік ішкен. Соңыра араларында жанжал туындап, қызы анасына асхана пышағын сұғып алған. Көкірек тұсы мен ішінен көп жарақат алғандықтан, әйел оқиға орнында көз жұмады. Сот отырысы кезінде Оксана өз кінәсін мойындап, қатаң жазаламауын сұрады. Айтуынша, марқұм оның ар-намысына тиіпті. Сол себепті ол мас күйінде қылмысқа барған көрінеді.
    Тергеу органдары 25 жастағы келіншекке ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабының 1 бөлігі (“Адам өлтіру” ) бойынша айып таққан еді. Сот оны кінәлі деп тауып,8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұдан бөлек одан сараптама жұмыстарына кеткен 900 мың теңге процессуальдық шығын өндіріледі.
    Белгілі болғандай, сотталушы үшінші топтағы мүгедек. Ажырасқан, еш жерде жұмыс істемепті. Қазір оның екі жастағы ұлы “Үміт’ сәбилер үйінде тәрбиеленіп жатыр. Анасы түрмеге түскендіктен, оны сотталушының әпкесі қамқорлыққа алмақ. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жұмыстасын буындырып өлтірген ер адам 15 жылға сотталды
  • Ақтөбелік оқушыны интернет арқылы танысқан жігіт зорлап тастады
  • Ақтөбеде ер адам өгей ұлын 3 жыл бойы зорлаған
  • Ақтөбе облысында қызы туған анасын пышақтап тастады
  • 43 жастағы жігіт ит етін бөліп жеген бөтелкелесін пышақтап өлтірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге