Әкімдікте қайтыс болған күзетшінің келіншегі күйеуін біреулер өлтіргенін айтты

    Ақтөбе қалалық әкімдігінің қайтыс болған күзетшісінің әйелі Бағдагүл Жұбанова жолдасының өзін-өзі өлтіргеніне сенбейді. Келіншектің айтуынша, бұл істің артында біреулер тұруы мүмкін.

    - Болған оқиға туралы мына арызда барлығы да көрсетілген, оқып қарап алсаңыздар болады. Басымызға осындай қаралы күн туып, тағдырдың жазғанына көніп отырған жайымыз бар. Жолдасым Байбек Қарымсақов ҚР IIM мамандандырылған күзет басқармасының жұмысшысы өз-өзіне қол жұмсады деген мәлімет тарады. Шыны керек, бұл ақпарат жалған болуы да мүмкін. Иә, өз-өзін өлтірді делік, бірақ бұл істе біреудің мәжбүрлеуі, қорқытып үркітуі арқылы жүзеге асып отыр. Жұмыс орнының жоғары өкілдері ешқандай экспертизасыз, сараптамалар жасамай-ақ оңай жолмен суицид деп жариялап жіберді. Мен бұл оқиғаның суицид екеніне сенбеймін, олар дәлел келтірмеді. Осы оқиғаға мамандандырылған күзет қызметінің қатысы бар деп ойлаймын,-дейді ол.
    Он жыл бойы осы салада жұмыс жасаған Байбек Қарымсақов осыдан 5 ай бұрын офицерлік шен алған болатын. Әйелі сол күннен бастап күйеуінің соңына түсушілер көбейгенін айтады.
    - Осы шенді алғаннан бері жолдасымның демалуға бір күн де уақыты болған емес. Өйткені олар сол шенді бізге сатқысы келді. 500 000-700 000 теңгені біздің жағдайымыз көтермейді, адал жолмен алуға тырысты, ақшасыз офицерлік шенді алды. Бәленің барлығы осыдан басталды. Алдымен күнде кезекшіліккке тұрғызды. Демалыссыз күндері өтіп, жұмысқа деген құлшынысын жойды. Тіптен бірде жұмыста көзі ұйқыға ілініп кеткенде, жұмыстан шығармақшы болды. Қасындағы жолдастарының жазған мінездемесінің, жұмыста еткен еңбегінің арқасында орнында қалды. Лауазым өсіруі былай тұрғанда, тіптен мереке кезінде беретін ақшалай сыйлықтың жартысын жоғары өкілдері сұратып, бермеске амал қоймайтын. Тек шенінің өскені болмаса, қарапайым сержанттың жұмысын жасатқызып қоятын. Онымен қоса аттестациядан өтер кезде сұратар 30-40 мың теңге тағы бар, - дейді Бағдагүл Жұбанова.
    Кезекшілік уақытында 15:00 шамасында жұмыс орнында тексеріс болып, тексерістен кейін осы қайғылы оқиға болған екен. 17:20 шамасында телефонмен сөйлескендігі туралы арызда көрсетіліп, сол күні сөйлескен адамдар оны өз-өзіне қол салуға жеткізді делінген.
    - Айта кететін тағы бір жағдай, болған қылмысқа батальон командирі Е.З.Ақбисенов пен Пахрудиновтердің қатысы бар деп ойлаймын. Себебі, осыдан екі ай бұрын олар менің жолдасымның намысына тиіп, жігеріне құм құйған болатын. Олар оны жұмыстан шығару үшін ілік іздеп, артына түсті. Сондықтан сол бір жағдайға осы істің қатысы бар тәрізді. Тіптен сағат алтылар шамасында дүниеден озған жұбайымның хабарын өз туыстарымнан естідім. Сенесіз бе, жүрегім бір нәрсе сезгендей жетілер шамасында қайта-қайта телефон шалсамда жауап келмеді. Неге үйге келмей жатқанын біліп, жұмыстастарына да хабарластым, барлығын біле тұра жасырын ұстады және егжей-тегжейін қарамай өз-өзін өлтірді деп ақпаратты таратты да жіберді,- дейді қайғы жамылған келіншек.
    Әйелінің айтуынша, жұмыс орнынан ешқандай көмек болмаған екен.
    - Қазіргі кезде мемлекеттік мекемелердің есігін қағып, шындықтың шынарын жағамын деп арызымды тастап әрлі-берлі жүгірумен жүрмін. Жаңағының өзінде өзіңіз көргендей облыстық прокуратурадан шықтым. Дәлел болатын куәгерлер іздестіріп таптым, жақын арада шешімі шығып қалар деп ойлаймын. Осы өткен 30 күн ішінде прокуратура, “Нұр Отан”, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа, сыбайлас жемқорлықпен күресу органдарына да арыз жазып қойдым,- дейді ол.

    “Шенді сатып алу деген жоқ”
    Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі марқұм Байбек Қарымсақовтың өліміне байланысты “Өзін-өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергеу жүріп жатқанын айтады. Марқұм кіші лейтенанттың жесірінің сөзін баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов жоққа шығарды.
    - Шенді сатып алу деген жоқ. Болмаған нәрсе. Уақыты келсе – тиісті шенін алады. Марқұмның отбасына қолымыздан келгенше көмектестік, жерлеуіне де қатыстық,- дейді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде күзет қызметкері әкімдік ғимаратында атылып қалды
  • Жұмбақ жағдайда жоғалған кәсіпкер өлі табылды
  • “Күйеуім аман қалар ма еді...”
  • Ақтөбелік кәсіпкердің анасы балконнан секіріп қайтыс болды
  • Соңғы 2 аптада үш оқушы өзін-өзі өлтірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге