Байғанинде оқушылар пышақтасты

    Байғанинде оқушылар  пышақтасты

    Ақтөбе облысының Байғанин ауданында мектеп оқушылары пышақтасып қалды. Қазір жарақат алған екі бала аудандық ауруханада жатыр.

    Жасөспірімдер ауруханаға 18 қаңтар күні түскен. Дәрігерлер науқастардың жағдайын жақсы деп бағалап отыр.
    - Олар ауруханаға 18 қаңтарда кешкі сағат 5-тер шамасында түсті. Жасөспірімдер 16-17 жас-та. Біреуі-10 сынып оқушысы. Ал екіншісі Ақтөбеде колледжде оқиды. Екеуі де пышақ жарақатын алған. Ота жасалды. Қазір жағдайлары жақсы. Біреуінің жағдайы ауырлау болды, пышақ оның аяғының көк тамырын кесіп кеткен. Әрі көп қан жоғалтқан. Қазір бұл науқастың жағдайы орташа ауыр. Қазір ол гипспен жатыр, оған қозғалуға болмайды. Ал екіншісі тұрып, жүріп жүр. Оның әр жерінде ұсақ пышақ жарақаттары бар. Пышақ сол жақ өкпесіне кіріпті. Жағдайы ауыр емес,- дейді аудандық аурухананың хирургиялық бөлімінің меңгерушісі Азамат Адаев.
    Дәрігердің айтуынша, науқастар келер аптада ауруханадан шығарылмақ. Әзірге оқушылардың мұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз. Бұл туралы облыстық ІІД еш түсініктеме берген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде түнгі клубта төбелес болды
  • Қандыағашта оқушылар бір–бірін пышақтап тастады
  • Қала орталығында оқ тиген жігіттің беті бері қарап келеді
  • Шатырдан құлаған құрылысшы мертігіп қалды
  • Хромтауда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге