Ақтөбелік тұрғын әйел зорламақ болғаны үшін сотталды

    Ақтөбеде 42 жастағы Ирина Шмидті зорламақ болған ер адам 10 жылға абақтыға қамалды. Үкімнен соң сотталушының жұбайы жәбірленушіге қатысты бар шындықты жайып салды.

    Сот материалдарына сүйенсек, бұл оқиға былтыр 21 шілдеде темір жол вокзалының маңында болған. Ирина түн ауа құрбысының үйінен қайтып келе жатып, жолда екі ер адамды көреді. Соңыра ішімдік ішкен жігіттер оны жалдамалы пәтерге күштеп кіргізеді. Әйелге өз еркімен жыныстық қатынысқа түсуге ұсыныс жасайды. Бұған келіспеген әйелді пышақпен қорқытып, зорламақ болады. Жәбірленушіні ұрып-соғып, оны өлтіретіндіктерін айтады. Сол кезде шошып кеткен әйел олардан қашпақ болып, екінші қабаттың балконынан секіріп кетеді. Оны терезеден басқа пәтер иелері көріп, жедел жәрдем шақырады. Оқиға салдарынан Ирина бас ми жарақатын алып, бел омыртқасын сындырады. Қазір кәмелетке толмаған екі баланың анасы мүгедек болып қалған. Сот отырысы кезінде 37 жастағы ер адам өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол Иринаны танысының өзімен бірге ертіп келгендігін, ал өзінің ұйықтап қалғандығын айтты. Алайда сот оны қылмыстық жауапкершіліктен қашу мақсатындағы жауап деп санап, үкім шығарды.
    - Сотталушы Қазбағанбетов ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын барынша қауіптілігі жоғары түзеу мекемесінде өтейді. Бұдан бөлек одан жәбірленушінің пайдасына 1 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндіріледі,-деді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Алтынбек Сабыров.
    Сонымен қатар сот облыстық ІІД басшының атына жеке қаулы шығарды. Өйткені Елек полиция бөлімінің қызметкерлері сотталушыны алғашында қылмыстық іске куә ретінде тартқан. Өз қызметтеріне салғырттық танытқан полицейлердің қызметіне кесірінен сотталушы үш ай бойы бостандықта жүріпті. Сотта сол күні Ирина Шмидтің де ішімдік ішкендігі белгілі болды. Үкімнен соң сотталушының жұбайы жәбірленушіге қатысты біраз жайттың бетін ашты.

    -Жәбірленуші бұрын жеңіл жүріспен айналысқан. 2016 жылы “жеңгетайлық” бойынша қаралған қылмыстық іске куәгер ретінде қатысыпты. Оны теміржол бойындағылардың бәрі танып отыр. Сол күні күйеуімнің жолдасымен келісіп, пәтерге өз еркімен барған. Мас болғандықтан, балконнан өзі құлап кеткен. Менің күйеуім ол кезде ұйықтап қалған. Оның дене жарақатын алуына еш қатысы жоқ. Иринаның берген жауаптары да әр түрлі. Сотта өзі кісі өлтіріп, түрмеде отырғанын айтты. Үйленгенімізге 15 жыл болды. Кәмелетке толмаған екі балам бар. Үкіммен келіспеймін,-дейді сотталушының әйелі.
    Үкіммен келіспеген ол енді аппелияциялық шағым түсірмек. Талабын қанағаттандырмаған жағдайда Жоғары сотқа арызданбақ. Айта кетелік, қазір қылмысқа қатысы бар делінген екінші күдікті қашып жүр. Оған қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске бөлінді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде ер адам өгей ұлын 3 жыл бойы зорлаған
  • Бес жасар қызды зорлаған педофил 17 жылға сотталды
  • Жасөспірім мен жүкті әйелді зорлаған таксист 16 жылға сотталды
  • Педофил “әке” 16 жылға сотталды
  • Педофил “әке” 16 жылға сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге