Ақтөбеліктер үндістерді күймен таң қалдырды

    Ақтөбелік “Өнер орталығы” ұжымы Үндістанның Нью Дели қаласында 7 мемлекет қатысқан музыка және би фестиваліне қатысты. Ақтөбеліктердің көрсеткен өнеріне үнділер риза болған.

    Орталықтың директоры Елубай Кенжалиевтің айтуынша,Үндістанда өткен фестивальге әлемнің жеті мемлекетінен қатысқан екен.
    - Мәдениет және спорт министірлігінен келген ұсыныс бойынша Үндістандағы Нью Дели қаласында өткізілген сегізінші музыка және би фестиваліне ақпарат келіп, жолдама алдық. Сол бойынша Нью Дели қаласында концерт өткізілді. Ол жерде 7 мемлекет - Германия, Моңғолия, Израиль, Сирия, Латвия, Үндістан, Қазақстан қатысты. Халықаралық фестиваль үнділердің 3 қаласында өткізілді. 12 адамнан тұратын ұжыммен бардық, олардың қатарында “Достық сазы” фольклорлық ансамблі мен көркемдік жетекшісі мәдениет саласының үздігі, құрмет орденінің иегері Бақытбек Зейнелов те болды. “Аққу” би ансамблі және жетекшісі, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Омар Мәмбетов болды. Осы шарада халқымыздың ұлттық биін, әнін, өнерін көрсеттік. Бізді таңқалдырған жағдай күй тартыста болды. Үнділер қазақтар тәрізді түсініп отырғандай айқайлап, қошеметтеп, риза болып отырды. Әрине Үндістан халық көп шоғырланған жер, бізге берген ақпаратында 1 млрд 230 млн халқы бар екен. Тіптен бір ғана Нью Дели қаласында 30 млн тұрғын тұрады. Екінші болған қаламыз Лахнауда 7 млндай адам болса, үшінші Патнада болдық. Ол жердегі адамдардың білімдігі 65 %-ды құрайды екен. Өнерге, биге етене жақын үнділер біздің өнерімізді жақсы бағалады. Себебі кино, ән, би өнері үндістандықтарда кезінде-ақ дамып кетті. Өткен фестивальда әлемдік деңгейдегі музыканттарды біріктіретін ортақ дүние - 7 нота болды. Біздердің әуендерімізді латвиялықтар ойнаса, біздер олардың әуендерін аспаптарымызбен ойнай бердік. Фестиваль қорытындысы бойынша естелік ретінде әр мемлекетке сыйлықтар, қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Тәж-Махалға бара алмағанымыз болмаса, сыйға берген Будданың мүсінін Ақтөбеге алып келдік,-дейді Елубай Кенжалиев.
    «Өнер орталығы» ұжымын Үндістандағы 10 күндік сапарында үнді халқының қарапайымдылығы мен жүздеріндегі жылулығы баураған. Сонымен қатар, басқа мемлекеттегілер қазақтың ұлттық аспаптарына, бишілердің түрлі-түсті қазақы оюланған киімдеріне қызыққан. Үнділер суретке түсіп, қазақта осындай өнер барына тәнті болған. Іс сапарда жүріп үнділердің туризмімен де танысқан ақтөбеліктер үнділердің сиыр мен пілге сыйынуына таңырқай қарады.
    - Үнділер қарапайым, жылы жүзді болғанымен өте лас халық. Бәлкім адам саны көп болғандықтан болар. Бай және кедей деп тапқа бөлінеді екен. Біздерді таңқалдырғаны жүріп келе жатырған көліктер, жан-жақтағы адамдардың барлығы сиырды көріп дереу тоқтады. Сиырға деген құрметі соншалықты құдай деп сыйынғандықтарына жатырқай қарадық. Көліктен түсіп, тез арада бейнероликке түсіре бастадық.

    Ерекше болған тағы бір жер «пілдер паркі», ол жерде ұзындығы 3-4метрді құрайтын 108 піл бар. Оның барлығы мрамордан жасалған. Үнділер әр түрлі дінді ұстанады, сол себепті оларда Лотс – діндердің ортақ ордасы бар. Бізде сол жерге барып, өзіміздің құдайымызға сыйындық,-дейді ұжымымен фестивальға барған «өнер орталығының» директоры. Бала кезімізде үнді киноларынан көретін рикша жүргізетін тұрғындар, мотоциклмен жүретін халық шынайы өмірде де жетерік екен. «Өнер орталығының» ұжымы сонымен қатар Ганга өзеніне де барған. Айтқан тың ақпараттарында байлар өлген адамның мәйтін өртеп, күлін осы суға ағызады. Ал кедейлер болса, ағаш алуға тиындары жетпегендіктен адам денесі толық өртенбейді. Дене мүшесінің барлығы күлге айналмаса да оны Ганга өзенінің суына ағызып жібереді екен.
    - Олардың қазақ ұлтына қарама қайшы келетін ерекше дәстүрі қыз балалардың ер адамдарға қалың мал төлеуі. Сонымен бірге Үндістанда медицина саласы, компьютерлік программалар жасау ертеректе дамыған. Тіптен ілесуде мүмкін еместей көрінеді. Теледидарларында жеке меншік 500- ден астам канал бар екендігі қызықтырмай қоймады. Бұқаралық ақпарат құралдары, газеттер көзді ашып-жұмғанша жұмыс жасайды. 1-2 сағат бұрын болған концерттік бағдарлама газетке сол аралықта шығып тұрады. Газеттер халыққа тегін түрде таратылады. Осы дүниелердің барлығына қызыға қарағанымызбен тамақтану жағына келгенде қиналғанымыз рас. Кез-келген жерден алынған тағамды, тіптен құбырдан келген суды ішу қорқынышты болды,-дейді Елубай Кенжалиев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде өнер орталығы ашылды
  • Ақтөбеде 35 мәдениет қызметкері баспаналы болды
  • Ақтөбеліктер халықаралық байқауда жүлделі болды
  • “Асыл әжелер” ансамблі Ресейден жүлдемен оралды
  • “Махаббат мұңы” жоғары бағаланды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге