Ақтөбелік келіншек бала босану үстінде қайтыс болды

    Ақтөбелік келіншек бала үстінде қайтыс болды. Марқұмның туыстары бұған дәрігерлерді кінәлап отыр. Олардың айтуларынша, жүкті кезінде келіншектің денсаулығында ақау болмаған. Босануға келген марқұмның сәбиі де жансақтау бөлімінде жатыр. Марқұмның артында қалған күйеуі енді осы сәбиінің өміріне алаңдайды.

    Перзентханада қайтыс болған келіншектің жолдасы жан сақтау бөлімінде жатқан шаранасының өміріне алаңдап отыр. Сондықтан әзірге ешқандай мәлімдеме жасай қоймаған. Сәбиге Богдан деп ат қойыпты, себебі олар бұл есімді бұрыннан таңдап қойған екен.
    - Аленаның күйеуімен танысқанына біраз болды және көп уақыт бойы жүрді. Үйленген соң өмірге бала келетініне қуанып жүр еді.Оны бақылауында ұстаған дәрігердің айтуынша, жүктілік уақытында ешбір қиыншылықтар байқалмаған. Дәрігері оның толығымен сап-сау болғанына, қандай да бір аурумен ауырмағанына куәлік етуге дайын. Жүктіліктің барлық уақыты қалыпты жағдайда өткен. Қызының аяғы ауырлағанын естіген анасы әже болып, немере бағатынына қатты қуанып еді. Алайда Аленаның анасы да дәрігерлердің өз істеріне салғырт қарауы кесірінен бұл қуанышқа жете алмай қайтыс болды. Алена да дәрігерлер кесірінен қайтыс болып отыр,- дейді марқұмның құрбысы Любовь.
    Досының айтуынша, марқұм келіншек ана болуды көптен бері армандап келген екен.
    - Біз мұны бұлайша қалдыра алмаймыз. Аналардың денсаулығына салғырт қараған дәрігерлер жауапқа тартылуы керек. Сәби өз-өзіне келсе, прокуратураға, облыс әкіміне, Ішкі істер департаментіне – тиісті инстанциялардың барлығына шағым жазып, әділдікті талап етеміз. Менің құрбым ана болуды армандап, күйеуін мақтан тұтатын еді. Бақыт құшағында жүрген ол бір-ақ сәтте арамыздан кетіп қалды. Енді Богдан жартылай жетім өсетін болды, - дейді ол.
    Қалдырылған пікірлерге қарасақ, бұл перзентханаға көп әйел наразы секілді. Облыстық аурухананың бас дәрігеріне жолығып, кім екенімізді ғана айттық та, сұрақ қойып үлгермедік.
    - Мен ол туралы әзірге ешқандай мәлімдеме жасай алмаймын. Тексеру жүргізіліп, ресми түрде жариялансын. Босандыру бөлімінен сұраңыздар, - деді ол.
    Алайда босандыру бөлімінен де дәл осындай жауап қайтарылып, сәбидің жағдайы туралы мәлімет берілмеді. Ал облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Светлана Есенаманова былай дейді:
    - Өкінішке орай 3-деңгейлі перзентханада ана өлімі тіркелді. Өте жас қыз бала. Қазіргі уақытта тәуелсіз комиссия бұйрық бо-йынша жұмыстарын бастады. Қорытындысы патологиялық-анатомиялық зерттеу жұмыстары біткеннен кейін дайын болады. Қазіргі уақытта ана өліміне байланысты босану бөлімінің медициналық директорын дәрежесін төмендете отырып жұмыстан босаттық. Ана мен бала бөлімінің меңгерушісі де босатылды. Әрбір ана өлімі болған жағдайда комиссия жұмысының нәтижелері бойынша белгілі болған барлық материалдар міндетті түрде прокуратураға беріледі. Прокуратурада олар мұқият қаралып, оқиғада қылмыстық жағдайдың болған-болмағанын анықтайды. Қайтыс болған ананың туыстары сотқа берсе де, бермесе де жасалатын жұмыс осындай. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы марқұмның туыстарының қайғысына ортақ, - деді ол.
    28 жастағы марқұм Аленаның жаңа туған сәбиі қазір дәрігерлердің бақылауында. Ана өлімі тіркелген перзентханада тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік қызының өлімі үшін 20 млн теңге талап етуде
  • Ақтөбелік келіншек баласын өлі туды
  • Ақтөбеде мәйіттік донор болған жігіттің туыстары сотқа дін өкілін шақырды
  • Облыстық аурухана дәрігеріне қатаң сөгіс берілді
  • Прокуратура: Шалқарлық келіншектің өліміне дәрігерлер кінәлі
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге