Орамалды оқушылар 2 күн күзетші бөлмесінде отырған

    Ақтөбе қалалық сотында Әбішев және Мұхаметжанов деген жергілікті тұрғындардың №40 мектеп басшылығы үстінен жазған шағымдары қарастырылды. Шағымда олардың орамал таққан балаларын сабаққа кіргізбеу туралы шешім шығарғандығы айтылған.

    Екі ата-ана да директордың шешімімен балаларының құқығы бұзылғанын айтады. Олардың пікірі бойынша, дәл қазіргі уақытта балаларды сабаққа кіргізбеу туралы шешім шығару үшін ешқандай негіз жоқ. Бірақ бұл жағдай ескерілмегендіктен оқушылар оқу бағдарламасынан қалып қойып отыр. Шағым иелерінің адвокаты №40 орта мектептің директоры Бауыржан Сариннің балалардың сабаққа қатысуына тыйым салатын әрекетін тоқтатуын талап етіп отыр. Сонымен бірге осы мәселе шешілгенше, балалардың сабаққа еш кедергісіз қатысуын қамтамасыз етілуі сұралған.
    - Оқу жылы басталған күннен-ақ біз білім министрі бекіткен талаптардың барлығын орындап келеміз, - дейді Әбішев. Балаларымыз мектеп формасын да талап бо-йынша киеді. Орамал тағу заң бұзу болып санала ма? №40 мектептің басшылығы да, мұғалімдері де Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы әрекет жасап отыр. Менің қызым 2 күн сабақтар аяқталғанша, дәлізде отырған. Мен таңертең баламды сабаққа әкеліп тастап, жұмысыма кеттім. Сабақтар аяқталатын уақытта оны алып кетуге әйелім келсе, баламызды бүкіл уақыт бойы күзетке арналған бөлмеде ұстапты. Келесі күні баламды мектепке әкелдім де, кетіп бара жатып артыма қарасам, оны тағы да сол бөлмеге кіргізіп жатыр екен. Мен мұғалімнен баламды неге күзет бөлмесіне кіргізгенін сұрадым. Ол маған онда баруыма рұқсат берілмегенін айтты. Осылайша балам 2 күн сол салқын бөлмеде отырған. Мектеп директорының балаларымызды сабаққа кіргізбеуге құқығы жоқ деп есептейміз. Оқушы мектепке келді, оның білім алуға толық құқығы бар.
    1 ақпан күні судья Кабулдинов "мектеп басшылығының талабы орынды" деген шешім қабылдады.
    - Сот мектеп директорының талабын заңда көрсетілген бапсыз, негізсіз қанағаттандырып отыр, - дейді Мұхаметжанов. - Енді бізге сот қызметі үшін 60 мың теңге төлеуіміз керек. Судья бізге: "Мектеп жарғысын сақтау керек", - деді. 5 күн ішінде бізге мәлімдеу қағазын береді, содан кейін аппиляцияға береміз. Оған дейін балаларымыз мектепке бармайды.
    ҚР Білім министрінің 2016 жылдың 14 қаңтарындағы №26 бұйрығында мектеп формасына қатысты қосымша талаптарды енгізу бұйырылған. Ол талаптың 13-тармағында "түрлі діни конфессиялардың киім үлгілерінің элементтері мектеп формасына қатыстырылмайды" делінген. Бұйрық ҚР Әділет Министрлігінде 2016 жылдың 16 ақпанында №13085 нөмірмен тіркеліпті.
    Ақтөбелік ардагерлер мектептерді аралап, орамал тартып жүрген оқушылардың ата-аналарымен кездесуге шығады. Мұғалімдерге көмек көрсету үшін дін басқармасының мамандарын да қосу ұсынылды.
    Ақтөбеде оқушылар мектепке ортақ формамен келуі үшін жан-жақты жұмыс істеліп жатыр. Күн сайын түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Ақтөбе облыстық білім басқармасы да 100-ден астам оқушының орамал шешіп, мектеп формасын кигенін хабарлады. Енді бұл іске ардагерлер де араласады.
    - Оқушылардың орамал тартуы тек мұғалімдердің емес, дін басқармасының да жұмысы. Аудан басшылары, ата-ана мектеппен бірігіп жұмыс істесе, мәселе шешіледі. Қазіргі кезде Ақтөбе қаласында 60 оқушы орамалын шешіп, мектепке барды. Біз, ардагерлер, бірігіп жұмыс істейік. Ардагерлер бірігіп, ұрпақ тәрбиесіне араласуы керек. Заң қажет екенін айтады. Заң қабылдануы үшін де жұмыс істеген дұрыс, — дейді ақтөбелік ардагер Келдібай Еспағамбет.
    Бұл ұсынысты өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қолдап, орынбасары Ербол Нұрғалиевке жұмыс тобының құрамына дін басқармасының мамандарын қосуды тапсырды.
    - Мектеп оқушыларының киіміне қатысты ата-аналармен кездесуде дін басқармасының мамандарын қосу керек. Біз неғұрлым көп кездесіп, түсіндіріп айтсақ, нәтиже басқа болады. Директорлар қарапайым тілмен ата-анаға жеткізу керек. Тәртіп, құжат, ортақ заңдылық туралы айтуы тиіс. Балалардың бәрі бірдей болуы керек. Оқушы замандастарымен қатар жүргені дұрыс», — деді Бердібек Сапарбаев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі “орамал дауы” енді сотта қаралмақ
  • Оқушылар ата-анасының қарсылығына қарамай, орамалын шешуде

  • Ақтөбеде орамал дауы қайта ушықты
  • Ақтөбеде орамал таққан оқушыны сабаққа кіргізбей қойды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге