“Айта-айта Алтайды...”

    “Айта-айта Алтайды...”

    Біреулер “өй, тағы да ма?” деп қолын бір сілтер, біреулер елең етер. Дегенмен, бүгінгі оқшау ойымыз баяғы тіл мәселесі туралы болмақ.

    Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңында өзгертілуге тиісті қаншама сөйлемдер мен қарама-қайшылықтар бар. Олар бұған дейін де талай айтылды. Алайда қазақ тіліне шорқақ ел ағалары заңдағы сөздердің орнын басқа сөзбен алмастырғанда не болатынын өте жақсы түсініп отырған сыңайлы. Әйтпесе, шала-шарпы сөйлеп жүрген олар үшін "кейбір сөздерді синонимдерімен алмастырғанда тұрған ешнәрсе жоқ" болуы тиіс еді. Бірақ олай емес, өзгертпейді. Сонда олар мемлекеттік тілді әдейі түсінбейтін, сөйлей алмайтын болып көрініп жүр ме? Жезөкшелікті заңдастыру, бойдақтыққа, ұзақ өмір сүргенге салық салу туралы заң шығарғыштар неге мемлекеттік тілді білмегендерге салық салу туралы заң шығарып ұсынбайды?
    Мұны жазуыма түрткі болып отырған жайт – мынау. Ақтөбедегі бір дүкенге кірдім де, ары қарап тұрған сатушыдан: "Саламатсыз ба. Сіздерде еден жууға арналған шүберек бар ма екен?" – деп сұрадым. Бұрылмады. Сұрағымды тағы қайталадым. Тағы үнсіз. Басын жартылай бұрды да, қайтадан әрі қарады. Мен қазақ тілді тұтынушыны адам екен демеген сатушыға іштей зығырданым қайнап, орыс тіліне көшкен кезде ғана оның "беті бері қарады". - Алдыңда кім тұрғанын көріп тұрсың ба? – деді сызданып. – Жоқ, - дедім мен "сенге" "сенмен" жауап беріп. - Кім екеніңді білмейді екенмін. Қысқасы, "біраз жерге бардық". Мен қандай мемлекетте тұрып жатқаны, мемлекеттік тіл туралы айтып әлекпін, ал ол "асқақ көкірегі мен рухани деңгейін" мойындатпақ боп әуре. "Орысша сөйлей аласың ғой" дейді маған. Сонда орысша білмейтін адам керек затын ала алмай кету керек пе? Неліктен біз сондайлардың түсінуіне бәрін дайындап, аударып қиналуға тиіспіз? Түсіну үшін олар неге қиналмайды? Әлде толеранттылық тек қазақ үшін айтылған ба? Сонда әділеттілік қайда? Біздің арандатып отырған ештемеміз жоқ. Тек әділдікті қалаймыз. Ал әділеттілікті құптамайтын мемлекет, теріске шығаратын заң болмайтын шығар. Ресейде қазақ тілі керек емес қой. Бізге де неге солай етпеске? Мемлекеттік тілді міндетті түрде білу талабы қойылып, жүйелі түрде бақыланып, неліктен жылдан-жылға күшейтілмейді?

    "Тіл туралы заңның" 4-бабында "Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы" делінген. Парызды рухани ой-өрісі кең адам ғана орындайды, ал міндет адамның кез келген (материалдық, рухани) байлығына қарамастан орындалуға тиісті. Сондықтан осы "парыз" сөзі "міндетпен" ауыстырылмаса және ол қатаң бақыланбаса, әділдік те орнамайды, тіліміз бейшара қалыпта қала береді. Адам басқа тілді 4 жыл ішінде меңгеріп алады. Оған студенттер куә. Тәуелсіздік алғанымызға 27-жылға аяқ басса да, "Извините, я не понимаю" деп бетіңе ыржиып тұратындар көбеймесе, азаймаған сияқты.

    Жақында ғана әуежай қызметкерлерінен мемлекеттік тілді талап етіп, мәртебесін қорғаған түрік азаматы туралы көрдік. Өз ағаларымыз неге олай етпейді екен? Жиындарда мемлекеттік қызметкерлер, әкімдер 1 айтқан сөзін 2-тілде тағы қайталап, 2 есе артық уақыт жұмсайтынымыз және бар.
    Ал Елбасымыз биылғы жолдауында "Орыс тілін білу маңызды болып қала береді" деп отыр. Және тілді дамыту үшін жасалған әрекеттер мен жаңа сөздер күлкісін келтіріпті. Осынша жыл бойы Мемлекеттік тілдің сорлы қалыпта болып, азаматтарының барлығы басқа ел сияқты мемлекеттік тілде сөйлей білу деңгейіне жетпегеніне күлу керек сияқты. "Қазақ тілін білу міндеттеледі" деген сөз қашан айтылады екен? Ол айтылу үшін мүмкін тағы 27 жыл керек шығар...

    Ұқсас жаңалықтар
  • ҚАЗАҚ ТІЛІ КІМГЕ КЕРЕК?
  • Қазақ тілі кімге керек?
  • Ақтөбедегі Назарбаев мектебінің оқушылары қазақ тіліне шорқақ
  • Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
  • Қазақ тілін үйрететін мультфильмдер жинағы жарыққа шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге