Ақтөбелік кісіні жол бойында тонап кеткен

    Екі жігіт фармацевтикалық компания қызметкерін ұрып-соғып, байлап тастаған соң, 2,5 миллион теңгесін алып кеткен.

    Оқыс оқиға 8 ақпан күні тал түсте – 12.30-да болыпты. Қандыағашқа келген компания қызметкері дәріханаларды аралап шығып, сатылған дәрі-дәрмектердің ақшасын жинап алған екен. Ақтөбеге қайтар жолда табиғи қажеттілігін өтемек болып тоқтаған оның қасына "Жигули" машинасымен екі жігіт келіпті. 25-30 жас шамасындағы екі бейтаныс дәрігерлік бетперде тағып алған екен. Олар қызметкерді ұрып, байлап тастап, машинасына отырғызыпты да, өздері ақшаны алып кетіпті.

    Жәбірленушінің жұмысқа шыға алмай отырғанына бір апта болыпты. Қабырғасынан соққы алып, беті-қолы жараланыпты. Оның үстіне қатты стресс алған.
    - Мен қолымды босатып алдым да, машинадан түстім, - дейді тілшіге берген сұхбатында ол. – Көмек сұрау үшін көлік тоқтаттым. Өтіп бара жатқан жүргізуші тоқтап, менің аяғымдағы жіпті шешіп алды.
    Күдіктілер іздестіріліп жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік жігіт ішімдік ішуден бас тартқан қызды ұрып өлтірді
  • Қарақшылық жасаған адам 7 жылға сотталды
  • Ақтөбеде тапа-тал түсте зейнеткерді тонап кетті
  • Ақтөбеде тапа -тал түсте зейнеткерді тонап кетті
  • Жол апатынан 8 адам зардап шекті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге