Ақтөбедегі емханада пациент пен медициналық қызметкер дауласып қалды

    Ақтөбе облысының бас дәрігері Әсет Қалиев емдеу мекемесінде медбике мен әйел адамның арасында болған жанжалға қатысты түсініктеме берді.

    Оқиға 19 ақпан күні болған. Ақтөбе тұрғыны медициналық қызметкермен арада болған жанжалды әлеуметтік желіге жүктеген. Онда баласына екпе алу үшін емдеу мекемесіне барған әйел адам медбикенің өзіне дөрекі сөйлеп, төбелесе кеткенін айтады.
    -Мен учаскелік медбикеге хабарласып, балаға вакцина алуға арналған дәрі-дәрмек бар-жоғын сұраған едім. Ол дөрекі сөйлеп, баланы вакцинациялаудан бас тартты. 19 ақпан күні бөлім меңгерушісіне медициналық қызметкердің үстінен шағым айтып бардым. Өйткені оның бұл қылығы үнемі қайталанып келеді. Бөлім меңгерушісі медициналық қызметкерді бар жағдайды анықтау үшін бөлмесіне шақырды,-деп жазады хабарлама авторы.
    Бұдан кейін әлеуметтік желіге жүктелген видеода медбикенің өзін телефонға түсірмек болған әйелді басынан папкамен ұрғаны көрсетіледі.
    -Өкінішке орай, мұндай жағдай болды. Әлеуметтік желіге салынған видеоны көрдім. Өкініш білдіремін. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Соның нәтижесі бо-йынша тиісті шара қолданылады. Медбике бұл мекемеде көптен бері жұмыс істейді. Оны бұл жағдайға арандатқанның өзінде медициналық қызметкер мұндай әрекетке бармауы тиіс еді, -дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
    Айта кетелік, бұған дейін облыс әкімі қызметтік этиканы сақтамайтын дәрігерлердің атына сын айтқан болатын. Ол науқастарға дөрекі сөйлеп, мәдениетсіздік танытатын медициналық қызметкерлерді жазалау керектігін ескерткен еді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Дөрекі дәрігерлер жазаланады
  • Жұмыссыздарға медициналық көмек көрсетілмейді
  • Төлемесең - емделмейсің!
  • Биыл Ақтөбеде медициналық 5 нысанның құрылысы басталады
  • Облыс әкімі: Дәрі қымбаттамауы тиіс!
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге