Мүгедектің мұңын кім тыңдайды?

    Мүгедектің мұңын кім тыңдайды?

    Ақтөбедегі мүгедек балалардың аналары ашынған жағдайға жеткен. Олар әлеуметтік желі арқылы халыққа өз мәселелерін айтты. Ел арасында бірден қолдау тауып, үлкен шуға ұласып кеткен сол мәселе үшін «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау Қорының» кеңсесінде дөңгелек үстел өтті. 40 шақты қамкөңіл ана облыс әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі Құралай Базарбайқызына ерекше балаларының мәселелерін жайып салды.

    “Пансионат салыну керек”
    Бірі мүгедек баласын үйіне тастап, бірі ауруханадан сұранып шығып, тіпті кездесу үшін арнайы Алғадан келген аналар болды. Кездесу басталмай жатып, бір-біріне проблемаларын үйіп-төгіп, ашынып тұрғандарын аңғардық. Сөз алған Құралай Бәйменова мүгедек мәселесін жан-тәнімен түсінетінін, қолынан келгенше көмектесуге дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ, әкім кеңесшісі аутизм ауруына шалдыққан 40 жастағы қызы туралы, мұндай балаларға болашақта еуропалық үлгідегі пансионаттар салынуы керек деп айтты. Әрі қарай аналардың жан айқайына құлақ асты.

    “Бәрі жақсы болса, мұнда келмес едік”
    Қалалық үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нәйлә Бөртебаева да дөңгелек үстелден табылды. Пікір алаңын жиналысқа айналдырғысы келгенімен, аналар уақыттың тығыздығына байланысты толғандырған мәселелерін жіпке тізді. Айтуларынша, 2016 жылы ватсапта “Ерекше балалардың аналары” боп ашылған топта бүгінде 200-ден астам ата-ана бар. Олардың бәрі мүгедек балалар тәрбиелеп отыр. Ең негізгі мәселелері – сал ауруына шалдыққан балаларға арнап, 12 ай бойы үздіксіз жұмыс істейтін орталық ашылса дейді.

    - Сондай сауықтыру орталығы ашылса екен! Ішінде тренажер залы, бассейн, білікті мамандар мен дәрігерлер болса дейміз. Облыстық балалар ауруханасы мен “Дару” оңалту орталығы бұл үдеден шыға алмай, сапаға емес, санға жұмыс істеп кеткендері бізді ашындырып отыр. Білікті емдік жаттығу жасайтын мамандар да жоқтың қасы,- дейді науқас балалардың аналары.
    Ақтөбеде арнайы түзету мектептерінің жеткіліксіздігі мен мүгедек балаларға арналған 8 сағаттық балабақшаның жоқтығы да қайта-қайта айтылды.
    - Неге балабақшалардан 2-3 орынды біздің балаларға бөліп бермейді? Қайта сау балалармен араласып жүріп, жағдайлары жақсармай ма?-дейді 5 жастағы Нұрасылдың анасы Жанар. Ал, 12 жастағы Инабаттың анасы Гүлмира:
    - Қызыма мектептен мұғалімдер келіп, тіпті түстерді ажыратуды үйретсе, қуанар едім. Бізге ешкім келмейді,-деді.
    Есет пен Бекет атты егіз ұлдардың анасы Жанна болса, әлеуметтік қызметкерлердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Жөргектің аздығы, ортопедиялық аяқ киімдердің сапасы, тегін дәрі-дәрмек, әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы, коляскалардың ұсқыны да бас қосуда сөз болды.

    Басты қайғы - баспана
    “Бас ауруына” айналған баспана мәселесінде жарымжан аналардың айтары көп. 40-60 мыңға пәтер жалдайтын олар күйеулерінің жалақысын не үйге, не емге, не ішетін тамаққа жеткізе алмай, қиналып жүргендерін айтты. Өздері баланы тастап, жұмысқа шыға алмайды. Тегін үй кезегінде 7-10 жылдан бері тұрған аналар әкімдіктен уақытша баспана сұрады.

    - Бәрі жақсы болса, мұнда келмес едік. Емнің бағасы удай. Туыс-туғанға өтініш айтып, несие алып, халықтан көмек сұрауға мәжбүрміз. Әбден тығырыққа тірелдік,-дейді аналар бір ауыздан.
    Құралай Бәйменова мен Нәйлә Бөртебаева аталған мәселелерді қалт жібермей, қағазға түсіріп отырды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері шақырылғанмен келмеді. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары сұрақтарға жарытып жауап бермеді. Тұрғын үй мәселесіне қатысты келген арнайы өкіл жиынға қатысқан аналардың тізімін жазып алып кетті. Кездесуден кейін «Ерекше балалардың аналары» қоғамдық бірлестігі барлық айтылған мәселелерді Құралай Базарбайқызына жазбаша түрде тапсырды. Ал, ол кісі өз кезегінде қолынан келгенше көмектесетінін жеткізді. Бір күннің шаруасы емес. Сондықтан мүгедек балалардың аналары алдағы уақытта Құралай Бәйменовамен тығыз байланыста болып, бірге жұмыс жасайтындарын жеткізді.

    Ақтөбедегі ахуал қандай?
    Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы берген мәліметке сүйенсек, Ақтөбе облысында бүгінгі таңда 21 мың мүгедек азаматтар мен балалар бар. Олардың ішінде 5024-і балалар.
    994 – психикалық ауытқуы бар;
    747 – сал ауруының жеңіл түріне шалдыққан;
    78- сал ауруының ауыр формасы;
    154- естуі бұзылған балалар;
    127 – көру қабілеті бұзылған;
    2 – естуі мен көруі бұзылған;
    750 – тірек-қимыл аппараты бұзылған;
    2265 – сөйлеу қабілеті бұзылған;
    108- аутизм синдромы;
    164 –Даун синдромы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған лагерь ашылады
  • Аутизм туралы неге айтылмайды?
  • Ақтөбелік мүгедектерге жыл сайын 1 млрд теңге жұмсалады
  • Әлеуметтік қызметкерлер марапатталады
  • Мүгедек балалар көрмесі
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге