Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

    Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

    Ел аумағында ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 2-і күні басталды. Ал ақтөбеліктер үшін де сынақ тапсыратын күн ретінде үшін, бесінші және жетінші маусым белгіленген.

    Биыл облыс бойынша 4970 түлек ҰБТ тапсырады. Тағы 70 оқушы тестілеуге қатыспай-ақ ЖОО ақысыз бөліміне түсе алады. Мұндай мүмкіндік халықаралық ғылыми олимпиада жеңімпаздары мен ғылыми жобаларын сәтті қорғаған оқушыларға берілген.
    Биыл облыс бойынша 340 түлек “Алтын белгіден” үмітті. Оның ішінде 116-ы қала мектептерінен, қалғаны аудан мектептерін бітірушілер. “Алтын белгіден” үмітті аудандардың көшін Шалқар бастап тұр. Шалқарлық 43 оқушы орта мектепті үздік тәмамдады. Ал Мұғалжар ауданында 25 түлек ҰБТ кезінде “Алтын белгіні” қорғап қалуы тиіс.
    Ақтөбе облысының түлектері былтыр орта есеппен 84 ұпай жинаған болатын. Осылайша Республикада үшінші орынға шықты. Ал биылғы алдын ала сынақ нәтижесі орта есеппен 75-77 ұпайды көрсетіп отыр.

    Ақтөбе қаласында ҰБТ үш нысанда өткізіледі. Ол М.Оспанов атындағы БҚММУ, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ және №8 орта мектеп.
    Сондай-ақ, арнайы аудиторияларда тест тапсыруға облыс бойынша жеті адам сұраныс берген. Мұндай аудиторияларға әдетте денсаулығында кінәраты бар, науқас оқушылар және жарақат алып қалған, медициналық анықтамасы бар оқушылар жіберіледі.
    Естеріңізге сала кетейік, биылғы ҰБТ ережелеріне бірнеше өзгеріс енгізілген болатын. Түлектер ҰБТ нәтижесін білу үшін өзіне берілетін идентификациялық нөмірді пайдаланады. Сондай-ақ, тест нәтижесін сынақтан кейінгі жарты сағат ішінде Testcentr.kz сайтынан қарауға болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Министр: ҰБТ-ның 20 мыңдай сұрағы жаңаланды
  • Сыңғырла, соңғы қоңырау
  • Биыл 12 сыныпты 23 түлек тәмамдады
  • SOS! Суицид көбейіп барады!
  • ҰБТ-ның басты төрт жаңалығы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге