Маңғыстаулық театр қоғам жарасын сахналады

    Ақтөбеге ақтаулық жастар театры келіп, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді сахналады. Небәрі 14-19 аралығындағы ерікті жас актерлардың мойындарына алған жүктері ойы арзандаған көп адамның санасына түрткі болса игі еді...

    Ақтөбелік колледжде өткізілетін қойылым алдында ақтаулық «Ақжол» жастар театрының жетекшісі және режиссері Әлия Исаевамен жолығып, өздері туралы мағлұмат алған едік. Соны назарларыңызға ұсынамыз.
    - Біз «Жастар қанаты» деп аталып, 2015 жылы ақпан айында жастармен жұмыс жасауға, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғауға, қайырымдылық шараларын өткізуге бағытталған жай ұйым болып тіркеліп, Ақжол партиясының Маңғыстау облыстық филиалы жанынан құрылып едік. Қойылымымыз «Жұлынқұрт» деп аталды. Мұны 4 наурыз күні Ақтөбе қаласында көрсеттік. Бұл қойылым нашақорлыққа қарсы. Қазір бұл – қауіпті індет. Жас-тар есірткіге тәуелді бола бас-тады. Темекісі бар, анашасы бар, шылымы бар – осылардың алдын алайық деп осы жастардың күшімен сахналадық. «Азаппен өткен өмір-ай» мен «Жұлынқұрт» шығармаларының авторы – жазушы Өтен Ахмет деген кісі. Үлкен мәселелерді көтеріп, халыққа ой салған ұлағатты ұстазымыз. Біз осыдан соң «Елім деп өткен ер Жалау» атты қойылымды шығардық. Оның тұсауы жақында ғана – 24 желтоқсанда кесілді. Маңғыстауда премьерасы өткен бұл қойылымды Астанаға барып сахналап келдік. Мұнда да Алаш арысы, қазақтан шыққан тұңғыш премьер-министр деп айтуға болатын, елі үшін жанын беріп, «киргиз» деп аталған жүрген бізге қазақ деген атымызды қайтарған, қазақ театрын ашуға атсалысып, қазақтың наурызын тойлау туралы қаулыға қол қойған Жалау Мыңбаев деген тұлға болған. Ол кісіні де халық көп біле бермейді. Соны танытайық деген мақсатпен осы қойылымды қолға алып едік. Осы жерде бізді Ақтөбе облысына арнайы шақырған облыс әкімдігіне, ішкі саясат басқармасына және «Ақжол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықовқа көп алғысымызды білдіреміз, ризашылығымы шексіз. Ол кісі жергілікті билікпен сөйлесіп, «осындай топ бар, оларды өзіміздің жастарға үлгі етіп көрсетейік» деп бастама көтерді., - дейді ақтаулық «Ақжол» жас-тар театрының жетекшісі және режиссері Әлия Исаева.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Абсурд жайлы әңгіме
  • “Алаш” театры бас жүлдемен оралды
  • Ақтөбеде патриот жастар байқауы өтті
  • “Ант” қойылымы халыққа жол тартты
  • “Махаббат мұңы” жоғары бағаланды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге