Ақтөбе орталығында этноауыл тұрғызылады

    Ақтөбе орталығында этноауыл тұрғызылады

    Ақтөбеде Тұңғыш Президент атындағы саябақ аумағына этно-ауыл салынады. Болашақта бой көтеретін этномәдени стильдегі мәдени орталықтар мен мейрамханалардан тұрғындар мен қала қонақтары түрлі халықтардың әдет-ғұрыптарымен, мәдениетімен танысып, түрлі ұлттық тағамдардың дәмін біле алады.

    Бұл туралы «Алғыс күніне» орай ұйымдастырылған «Алғысым шексіз өзіңе» атты салтанатты шара аясында мәлім болды.
    - Біздің ата-бабаларымыздың, ата-аналарымыздың, ардагерлеріміздің арқасында 130-дан астам этникалық топ өкілдері олардың да Отанына айналған Қазақстанның құнарлы жерінде үйлесімділік пен достық қарым-қатынаста өмір сүріп, еңбек етіп келеді, - деді Бердібек Сапарбаев.
    Мерекелік шара түрлі-түсті театрландырылған қойылымдармен және музыкалық нөмірлермен жалғасты. Ақтөбе облысындағы этномәдени орталықтардың өкілдері сөз алып, барлық ұлыстарға, бір-біріне және қазақ халқына деген құрметі мен ризашылығын білдіріп жатты.
    Қазіргі таңда Ақтөбе облысында тоқсаннан аса халық пен ұлыс тұрады екен және 18 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғыз ауданының күндері өтеді
  • Жас өнерпаздардың Президент күніне тартуы
  • ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ 4000 АДАМ ҚОЙЫЛЫМ КӨРСЕТТІ
  • Ассамблеяның XIX сессиясы өтті
  • БІЗ – БІРЛІКТІ САҚТАҒАН ЕЛМІЗ...
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге