Ақтөбе облысында жергілікті жолдарды жөндеуге 5 млрд теңге бөлінеді

    Ақтөбе облысында биыл аудандық және облыстық маңызы бар жолдарға ерекше басымдық беріледі. Жөндеу жұмыстарына 5 млрд теңге қаржы қарастырылған. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Усманғалиев мәлімдеді.

    Аязбай Усманғалиевтің айтуынша, оның тең жартысы облыстық бюджеттен бөлінеді.
    -Президенттің тапсырмасы бойынша, биыл жергілікті жолдарға, оның ішінде аудандық және республикалық маңызы бар жолдарға көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын Қазақстан жолдарын жөндеуге 150 млрд теңге бөлінеді. Биыл осы бағдарлама аясында Министрліктен ел бойынша 60 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат жыл сайын көбейеді. Ақтөбе облысына да осы бағдарлама аясында биыл жол жөндеу жұмыстарына 5 млрд теңге бөлініп отыр. Оның 2,5 млрд теңгесі республикалық бюджеттен бөлінсе, қалғаны облыстық бюджеттен қарастырылған, -деді ол.
    Биыл “Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық” автожолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ республикалық маңызы бар “Ақтөбе-Мақат” автожолы, “Ақтөбе-Атырау” учаскесі де жөндеуден өтеді.
    Бүгінгі күні үш учаске бойынша екі мердігер анықталды. Олар-“Спик Аккорд” АҚ мен “Тодини Конструкцион Дженерали С.п.А” АҚ АФ. Қазіргі таңда “ Спик Аккорд”компаниясы Байғанин ауданына қиыршық тас тасып жатыр. 1000 тонна болатын битум шұңғырдың құрылысы басталады. Ал италияндық “Тодини Конструкцион Дженерали С.П.А” АҚ АФ Ноғайты мен Шұбарқұдықта екі битум шұңқырдың құрылысын бастап кетті. Қазір жұмыс қарқынды жүріп жатыр.
    “Орталық-Батыс” жобасы бо-йынша Астана бағытында жол құрылысы жүргізіледі.
    -Біз құрылыс жұмыстарын Арқалықтан бастаймыз,жол Ырғыз арқылы Шалқарға, одан әрі Қандығашқа көтеріледі. Биылғы жылы жобалық-сметалық құжаттама, нысанды тапсыру мен мемлекеттік сараптама жүргізу жұмыстары аяқталады. Ал келесі жылдан бастап Инвес-тиция және Даму министрлігі оның жұмысын жүзеге асыру үшін жоба әзірлеуді бастайды. Барлық жобалық ұйымдарға жөндеу жұмысын жүргізу үшін елдімекендерге кіре беріс жолдарды қосу жөнінде тапсырма берілді. “Ақтөбе-Атырау” жолы бойынша қазір мердігерлермен келіссөздер жүріп жатыр. Бұл жолға жақын елдімекендерді де асфальттауға тырысамыз,-дейді ол.
    Өңірдегі жол сапасын “Ақтөбежол” зертханасы мекемесі тексереді.Әдетте, мердігерлердің жұмысына қармен бірге жол да “еритін”көктем мезгілінде шағым көп. Алайда шенеунік соңғы екі жылдан бері жол салушыларға ешқандай наразылық болмағанын айтады. Ол мердігерлердің жолға кепілдік беретінін, ал ақау табылған жағдайда қайтадан жөндеу жүргізетіндігіне уәде берді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жол жөндеу үшін 9,7 млрд теңге бөлінген
  • Биыл жол жөндеуге 7,8 млрд теңге бөлінді
  • Жолға жауапты шенеунік: Мен де машинамды соғып жүрмін
  • Биыл жол құрылысына 4,3 млрд теңге жұмсалады
  • Биыл 2 млрд теңге жол жөндеуге жұмсалады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге