Ақтөбе қаласы екі ауданға бөлінеді

    Ақтөбе қаласы екі ауданға  бөлінеді

    Ақтөбе қаласын екі ауданға бөлу жоспарланып отыр. Алайда бұл әзірге нақты шешім емес. Аудандарды құру мен оларға атау беру мәселесі қоғамдық тыңдау кезінде шешіледі.

    Жергілікті билік Ақтөбе қаласының агломерациясын дамыту үшін жұмыс жасап жатыр. Жоспарға сәйкес, Ақтөбе қаласын екі ауданға бөлу қарастырылған. Ең алдымен, қала маңындағы Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Новый және Сазды елдімекендерін Ақтөбе қаласына қосу жоспарланып отыр Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл қаланы бақылауды және төтенше жағдайлар кезінде күштерді жедел біріктіруді қамтамасыз етеді.
    -1988 жылға дейін Ақтөбеде екі аудан болды: Пролетарлық және Фрунзен аудандары. Бүгінгі күні мұндай аудандар Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында бар.Ақтөбе қаласынан бес ауылдық округтің қашықтығы 2-ден 25 км-ге дейін құрайды. Жаңа тұрғын үй кешендерін және жеке тұрғын үй құрылысын дамыту есебінен Ақтөбе қаласымен 2 ауылдық округ (Қарғалы, Новый) біріктірілді. Ауылдық округтердің қашықтығы 2-ден 5 км-ге дейін құрайды. Бұл екі ауылдық округте ауыл шаруашылығы дамымай қалған. Жалпы бұл жұмыс салық пен басқа да төлемдерді, сондай-ақ белсенді шағын орта бизнес субъектілерінің санын көбейтеді. Ақтөбе қаласының тұрғындарының өмір сүруіне бақылау жасау, қызмет көрсету сапасын арттыру есебінен құрылыс және тұрғын үй құрылысын ұлғайту көзделген,-деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
    Бұл мәселе облыстық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясында қаралған. Нақты шешім сәуір айында өтетін қоғамдық тыңдаудан кейін белгілі болмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тұрғын үй құрылысы үшін жер бөлінеді
  • Хазірет ауылдық округі Мәртөктен Қарғалы ауданына өтуі мүмкін
  • Ақтөбе қаласының ауылдық округтері әкімдерінің есепті кездесулері өтеді
  • Ақтөбеде арзан азық-түлік жәрмеңкесі өткізілуде
  • Ақтөбенің іргесіндегі ауыл әкімдері халықпен кездеседі
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге