Прокурор: Көшедегі бейнекамералардың жартысы босқа тұр

    Қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті бақылау үшін орнатылған бейнекамераларға былтыр 9,5 млн. теңге бөлінген. Алайда, көшедегі 80 камераның жартысынан көбі босқа тұр.

    Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне облыстық прокуратураның бірінші басқармасының басшысы Маратбек Мырзамұратов мәлімдеді. Дегенмен бұл мәліметті қалалық әкімдік жоққа шығарып отыр. Әкімнің баспасөз қызметі жолдаған хабарламада 10 камераның ғана жұмыс істемей тұрғандығы туралы айтылған.
    Прокурорлардың мәліметінше, әкімдік орнатқан бейнекамера тіпті Зауыт полиция бөлімінде де іске қосылмаған.Сәйкесінше, қоғамдық орындағы құқық бұзушылық туралы ешқандай түсірілім жасалмаған. Жазба болған күннің өзінде тәртіп бұзушыларға шара қолданылмаған.

    -Тексеріс барысында орталық базардағы сатушылардың өз қоқыстарын контейнерге емес, Уәлиханов көшесіндегі үйлердің бірінің ауласына жинағаны анықталды. Алайда, бейнекамера орнатылған “Сымбат” жеке мектебінің қызметкерлері бұл туралы полицияға ақпарат бермеген. Нәтижесінде жаппай тәртіпсіздікке кінәлі тұлғалар жауапқа тартылған жоқ,-дейді прокурор.
    Прокурорлық тексеру кезінде Ойыл, Хромтау аудандары мен Қандығаш қаласындағы бейнекамералардың да жұмыс істемейтіндігі анықталды. Яғни, заманауи техникалық құрал тиімді қолданылмаған. Сол себепті бұған дейін әкімдіктің қарауында болған бейнекамералар бұдан былай полицияның қарамағына берілмек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Студенттер полицияға қоғамдық көмекші ретінде тартылмаған
  • Қаржылық бақылау инспекциясының басшыларына үкім шықты
  • Қираған жатақхананың тұруға жарамсыздығы 5 жыл бұрын айтылған
  • Прокурор: Суицидтің 85 пайызы толық емес отбасында жасалады
  • Ескерткішпен ұятты позада суретке түскен жігіт анықталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге