Қауіпті азық-түліктер анықталды

    Қауіпті азық-түліктер анықталды

    Ақтөбе облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары құс еті мен сүт өнімдерінің сапасын тексерді. Азық-түліктерден сальмонолез бен ішек таяқшасы табылған.

    Тексеру кезінде сатып алынған 63 тамақ сынамасының 38 %-ы (24 сынама) талапқа сай болмай шыққан. Оның ішінде 37,5% ішек таяқшалары тобына кіретін бактериялар мен сальмонелла табылған. Ал 62,5% пайызынан майдың массалық үлесі, май-қышқылды құрамы мен таңбалау жағынан кемшіліктер табылды.

    - Жарамсыз деп танылған азық- түліктердің арасында Белоруссиядан шыққан “Оригинальное”мұздатылған бройлер балапанының жамбасы, РФ “Чебаркульская птица” кәсіпорыны өндірген бройлер тауығы балапанының еті бар. Бұдан бөлек мұздатылған үйрек пен балапан етінен, филеден де қауіпті бактериялар табылған. Барлық құс өнімдері Ресейде шығарылған,-деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен.

    Сондай-ақ сүт өнімдерінің 3 сынамасы микробиологиялық көрсеткішке сай болмай шықты. Яғни, Ресейде өндірілген “Домик на хуторе” 20% қаймағында ашытқы мен зең, қанты бар қойытылған “Главпродукт” сүтінен ішек таяқшалары тобына кіретін бактериялар мен сальмонелла, ал “Виолетта с зеленью” сүзбе-ірімшігінен ішек таяқшасы табылған. Бұдан бөлек Ресейден шыққан сүт өнімінің 6 сынамасы мен Францияда өндірілген “Президент” 82% сары майы да физика-химиялық көрсеткіш жағынан талапқа сай емес. Оларда майдың массалық үлесі, тығыздығы, құрғақ майсыздандырылған сүт қалдығы және май-қышқылы құрамы сәйкес келмеген. Бұл заңсыздықтарға сәйкес жеке кәсіпкерлерге шара қолданылған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ресейден келетін сүттер талапқа сай емес
  • Ақтөбеде көпірден табылған бүлдіршіндердің анасы анықталды
  • Түркістаннан келген қарбыздарда нитрат көп
  • Азық-түлік тартысының “тамашалары”
  • Ресейлік өнімнен сальмонеллез таяқшалары табылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге