Көмір жеткізушілер жауапқа тартылуы мүмкін

    Ақтөбеде көмір жеткізушілердің бағаны алдын ала келісіп, қымбаттатқаны анықталды. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында хабарланды.

    Өңірде өткен жылы қыркүйек-қазан айларында көмір тапшылығы байқалған еді. Отынның бағасы да бұрынғыдан 2,5 есеге қымбаттап кеткен еді. Ақтөбеліктер көмірдің бір тоннасын 14 500 теңгеден сатып алуға мәжбүр болған. Осыдан кейін Ақтөбедегі табиғи монополияларды реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті көмір сатумен айналысатын компанияларға тергеу жүргізген. Тексеру кезінде екі компанияның бағаны алдын ала келісіп, қымбаттатқаны белгілі болды.
    Қазіргі таңда көмір жеткізушілерге “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 159 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Тергеу материалдары сот органдарына қарауға жіберілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көмір бағасын қымбаттатқандар тексерілуде
  • Зират дауына қатысты тергеу басталды
  • Ақтөбеде екі мемлекеттік мекеме заңбұзушылыққа жол берген
  • Қазақстан бағаны реттеуден толықтай бас тартады
  • Маман: Бағаны бақылап отырмыз
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге