Ақтөбелік келіншек 1 жастағы баласын бөгде адамға тастап кеткен

    32 жастағы келіншектің кішкентай Софиядан бөлек тағы екі ұлы бар. Көкек ана ішімдікке салынып, балаларын жиі қараусыз қалдыратын болып шықты.

    ІІД-нің мәліметінше, 26 наурыз күні қала тұрғыны шағымданған. Ол жақын таныс емес әйелдің өзіне 1 жасқа толмаған баласын тастап, белгісіз бағытқа кетіп қалғанын айтыпты. Полиция келесі күні көкек ананы тауып, жауап алған. Қазір бала “Үміт”cәбилер үйінде.
    - София 18 сәуірде бір жасқа толады. Оны сәбилер үйіне Сазды полиция бөлімінің инспекторлары мен еріктілер әкелді. Қазір денсаулығы жақсы, келген кезде киімі лас болған. Үш күннен соң анасы іздеп келіп,баласын қайтарып алғысы келгенін айтты. Біз оны қалалық қорғаншылық және қамқоршылық бөліміне жібердік. Келіншектің бұдан бөлек кәмелет жасына толмаған тағы екі баласы бар. Біреуі 12, екіншісі 8 жаста,-деді сәбилер үйінің әлеуметтік педагогы Жанна Тастанова.
    Белгілі болғандай, әйел сәбиін некесіз туған. Тұрақты жұмысы жоқ, жалдамалы пәтерде тұрады. Ішімдікке жақын келіншек бұған дейін де үйінен кетіп, балаларын қараусыз қалдырып кеткен көрінеді. Бұл жолы ол 1 жасқа толмаған баласын тастап кетуіне де өзіндік себебі барын айтыпты. Ал анасы кішкентай Софияны тастап кеткен Вероника Козлова онымен жақын таныс болмағанын айтады.
    -Ол бұған дейін де кіші ұлы мен қызын бірнеше рет қалдырып кеткен еді. 24 наурыз күні үйге келіп, Софияны қалдырып кетті. Өзі дүкеннен азық – түлік әкелетінін айтып, шығып кетті. Бірақ сол күйі кері оралған жоқ.Бала ауырып, дене қызуы көтеріліп жатты. Өзімнің бес балам бар. Мен ауру бала үшін жауап бере алмаймын. Не істеуім керек? Амалым болмағандықтан, еріктілерге қоңырау шалдым. Полицияға қоңырау шалдым. Үш күннен кейін баланы өзі іздеп келді. Бірақ жүзінен ешқандай өкініштің белгісін байқамадым. Мұндай адамға баланы қалай беруге болатындығын түсінбеймін. Оны жақсы танымаймын. Балаларына киім-кешек беріп, көмектесіп тұратын едім. Настя ішімдік ішеді. Еш жерде жұмыс істемейді. Оған сенуге болмайды,-деді ол.
    Қазір бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау") бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Тастанды сәбидің алдағы тағдырын қалалық қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі шешеді. Тасжүрек ана сәбиін қайтарып алуы да мүмкін. Айта кетелік, бұл- жыл басынан бері тастанды сәбилерге қатысты тіркелген үшінші жағдай.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде бір ай ішінде алты бала тастанды атанды
  • Ақтөбелік келіншек сәбиін 60 мың теңгеге саудалаған
  • Ақтөбеде сәбиін сатқан келіншектің соты басталды
  • Ішімдікке салынған әйел 7 баласын тастап кеткен
  • Ақтөбеде дәретханадан жаңа туған нәресте табылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге