Республикалық «Жас қанат-2018» байқауында жерлесіміз бақ сынайды

    21-27 мамыр аралығында Астана қаласында «Жас қанат-2018» жас орындаушылардың 27 республикалық байқауы өтеді. Бірнеше іріктеуден өтіп облысымыздың намысын қорғайтын Нұрдәулет Қуандықұлы байқауға тыңғылықты дайындалуда.

    Қарғалы ауданың тумасы, жас әнші Нұрдәулет Қуандықұлы көптеген халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы. Алар асуы биік азамат «Жас қанат-2018» байқауына да жолдама алды.
    - Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан дейді. Байқаудың іріктеу кезеңіне 1 ай бұрын қатыстым. Электронды нұсқада жазылған әндерімді, өзім туралы ақпараттарды жібердім. Бір жеті бұрын хабарласты. «Байқауға өттіңіз» деген қуанышты хабар жетті. Бұйырса мамыр айының 21-27 аралығында өтеді. Жеңіс туын желбіретіп келерміз деген үміт бар. Іріктеу кезеңіне үш әнімді жібердім. Оның бірі Дәурен Сейтжановтың «Жылдар-ай» деп аталатын әні. Екіншісі орыс тілінде болса, үшіншісі Шәмшінің «Құшақ жайған қандай адам» деген туындысы. Осы байқауға қатыспас бұрын облыстық «Жас дәурен», республикалық «Шабыт», халықаралық «Ашық Қазақстан» байқауларынан жүлделі орындар иелендім. Жас қанат байқауынан да үмітім бар,-дейді жас әнші Нұрдәулет Қуандықұлы.
    Байқауға республика бойынша 13 қатысушы өткен. Олардың қатарында алматылық Сымбат Сейілханова, бірнеше байқаулардың жеңімпазы астаналық Бақтияр Ақылбекте бар.
    Айта кетейік, осыған дейін «Жас қанат» байқауына Ақтөбе облысының намысын Бейбіт Алдаберген, Нұржан Оразов, Еркебұлан Кумаров, Нұрболат Абдуллин, Димаш Құдайберген сынды әншілеріміз қорғаған еді. Әр жылы ақтөбелік таланттарымыз жеңістің биік сатысынан көрінді. Әлемді тәнті еткен Димаш Құдайберген «Жас қанат-2012» байқауының бас жүлдесін иеленген еді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Рахманға дауыс берейік!
  • “Bala Turkvizyon” байқауына қатысатын ақтөбелік анықталды
  • “BALA Turkvizyon–2015” байқауына әнші балалар іріктеледі
  • Әншінің әжесі: Димаш – халықтың ұлы!
  • Димаш Құдайбергенов "Славян базары" байқауына қатысады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге