Түйетөбеде қаралы митинг өтті

     Түйетөбеде  қаралы митинг өтті

    31 мамыр күні Пригородный селосы маңындағы Түйетөбеде ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынды.

    1932-33 жылдары Қазақстанда, Ресейде, Украинада, Белорусьте 7 миллионнан астам адам қаза тапты. Ашаршылықтан қаза тапқандардың 2 миллионы - қазақстандықтар. Жазықсыз қырылғандардың арасында сол кезде жастар мен қарттар көп болған. Тарихи деректер осылай дейді.

    600 мың қазақстандық адам ашаршылық пен аурудан қашып, туған жерін тастап кетуге мәжбүр болған. Одан кейінгі 1937-1938 жылдардағы репрессия да қазақ халқына ауыр соққы боп тиді. Сол жылдары Қазақстанда жазықсыздан жазықсыз 100 мыңдай адам сотталып, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Тұтқындалғандардың 7 мыңы мен атылғандардың 1800-і Ақтөбе облысынан.

    - Ендігі борышымыз сол қанқұйлы жылдарда жазықсыз құрбан болғандардың есімдерін ұмытпай, жүрегімізде мәңгі сақтау. Халқымызбен қаралы күндерді еске алуда емес, амандықта жүздесейік,- деді Түйетөбеде сөз алған Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

    Облыстың бас имамы Әбдумүтәлі Дәуренбеков сүргінге ұшыраған жандардың рухына арнап дұға бағыштап, ескерткіш басына гүл қойылды.

    Айта кетейік, 1990 жылдардың басында Ақтөбенің іргесіндегі Түйетөбеде жаппай атылғандардың қорымы анықталған болатын. Қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш-белгі бұл жерге 1997 жылы қойылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Малкеждар Бөкенбаевқа ескерткіш қойылды
  • Архимед Мұхамбетов Ақтөбе облысының әкімі боп қайта сайланды
  • Архимед Мұхамбетов 11- орында
  • Тәжік-ауған шекарасында қаза болғандар еске алынды
  • Гоада балаларды құтқармақ болған қазақстандық қаза тапты
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге