Ырғызда дала қояндары қырыла бастады

    Ырғызда дала қояндары қырыла бастады

    Ырғызда енді дала қояндары өле бастады. Ресми деректер 20 шақты қоянның қырылғандығын айтады.

    Оқиға осыдан екі апта бұрын киік қырылған Сұңқарқияға жақын Жайсаңбай ауылында болған. “Керек.info” тілшісіне бұл туралы Ырғыз ауданының әкімі Мейірхан Дуанбеков айтты.
    -Жайсаңбай ауылына барар жолдан 6 қоянның өлексесі табылды. Бәрі де дала қояндары. Мамандар өлекселерден сынама алып, зертханаға жіберді-дейді аудан әкімі.

    Қоянның өлекселері Ырғыздың Тельман ауылына қарасты Алматамы деген жерінен де табылған. “Керек.info” тілшісіне бұл туралы сенімді ақпарат көзі хабарлады. Бұл оқиға 4 маусым күні болған.
    Қазір Ырғыздың халқы малдарын жайылымға жіберуге қорқып отыр. Өйткені, өріске шыққан 25 бас мал өліп қалды. Бұл деректі аудан әкімі де растап отыр. Әкімнің айтуынша, мал өлу дерегі Дүкен, Қалалыкөл, Жайсаңбай және Аманкөл елді-мекендерінде тіркелген.
    Қырылып жатқан малдың басым бөлігі-бұзау. Арасында 7 бас жылқы малы да бар. Ырғызда мал 20 мамыр күні қырыла бастаған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Киіктің лақтары жетім қалып жатыр
  • Аудан әкімі: Жол жиегінде киік өлекселері жоқ
  • Ырғызда киіктің лақтары жетім қалып жатыр
  • Әйтеке би ауданында да киік қырыла бастады
  • Ырғызда киік қырылып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге