Ақтөбелік балалар театрына 40 жыл толды

    Ақтөбелік балалар театрына 40 жыл толды

    Ақтөбелік дарынды жастар жиналған бұл мекен өнердің әр түрлі саласы бойынша білім береді. Келер жылы 45 жылдығын тойлайтын үлкен сарай түрлі іс-шаралар мен байқаулардың куәсі болды. Жұрт қызығарлық жас таланттардың өнерлі үйін kerek.info газетінің тілшісі біліп келді.

    Талантымен тәнті ететін жастардың бұл мекенінде қобызшылар үйірмесінен бастап, би де, сурет пен театр да бар. Өнер әлемінде жүрген қаншама жас дарын оқушылар сарайынан түлеп ұшты. Олар түрлі деңгейдегі іс-шаралар мен байқауларға қатысып жүр. Қашанда орданың беделін түсірмей биіктен көрініп келеді. Сол белсенді балалардың арасында қазақ ұлт аспаптар студиясының жанына құралған «Кәусар» қобызшылар тобы да үлкен абыройға ие. Киелі қобыз аспабын насихаттаушылар тобы келер жылы 10 жылдық мерейтойларын атап өтпекші. Жыл сайын топ мүшелері жаңа қабылданған оқушылармен толықтырылып отырады. Бұрынғы түлектер қазірдің өзінде ұстаздарының мақтанышына айналып үлгерді.
    - Қобызшыларымыз көптеген байқаулардың жүлдегері атанды. Он жыл ішінде талай асудан асып, жоғарыны бағындырдық десем қателеспеймін. Айта кететін болсам, Аманай Жаншина қазіргі қазақ ұлттық консерваториясының студенті. Алыс-жақын елдерде өткен халықаралық конкурстардың лауреаты атанды. Сонымен қатар Әбілсейіт Кенжекей, Нұрсұлтан Қарлығаш, Байменова Меруерт, Нұрлыбекова Ақерке сынды шәкірттеріміз осы ордадан білім алды. Олар киелі сахна үшін жаралған таланты жастар,-дейді жетекшісі Гүлнар Асылханова.
    Жастарды сахна төрінен көрсететін бұл ордада бір емес, төрт бірдей театр бар. Төртеуінің бағыты әр түрлі. Бірі сахна қозғалысын үйретсе, екіншісі қуыршақтарды сөйлетеді. Солардың бірі Мира Таубатырованың бастамасымен құрылған «ЖасART» балалар театры. Құрылғанына 4 жыл енді толатын бұл театр халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып үлгерді.
    - Театрымыз ұлттық болмысымызға негізделген. Екі жылдық авторлық бағдарлама бойынша 8 жастан 17 жасқа дейін балалар тәлім-тәрбие алады. Оқушыларымыз теориялық, тәжірибелік сағаттарда білім алады. Әр қатысушымыздың бойында жалындаған от бар. Әрқайсысы байқампаз, адаммен тез тіл табысады, сөйлеу мәдениеті жоғары деңгейде,-дейді театр жетекшісі.

    Қазір бұл театрда алпыстан астам оқушы білім алуда. Осы жылдың өзінде облыстық, республикалық жас таланттар байқауының жүлдегерлері атанды. Өнердің қай саласын алып қарасақ та оқушылар сарайының дарындылары осал емес. «ЖасART» балалар театрынан бөлек «Колокольчик», «Импульс», «Арлекин» сынды театрлар да біршама белесті бағындырып үлгерді.
    - Мұнда екі театр драмалық болса, үшіншісі эстрадалық бағытта. Менің айтпағым төртіншісі барлығына қызық қуыршақтар театры «Колокольчик». Бұл театрға қырық жылдан астам уақыт болды. Қуыршақтар сөйлейтін театрымыздың ең басты көрермендері кішкентай балдырғандар мен жастар. Жыл сайын театрымыз қайырымдылық кештерін өткізеді. Сонымен қатар әр жылдары бірнеше байқауларға қатысып жүлделі орындар мен сыйлықтар иелендік. Құрамамызда 40-тан астам шәкірттеріміз бар. Кешегі күні «Алақай» театрының ұйымдастырған байқауына қатыстық. «Ең үздік актерлік құрам» деген номинацияға ие болдық,-дейді театр жетекшісі Надежда Владимировна.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Абсурд жайлы әңгіме
  • Т.Ахтанов театры драма емес, құрамаға айналды
  • “Алаш” театры бас жүлдемен оралды
  • Ақтөбеде халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі басталды
  • “Махаббат мұңы” жоғары бағаланды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге