Ақтөбеде лифтідегі қайғылы оқиғадан соң тексеру жүріп жатыр

    Ақтөбеде көп қабатты үйлердің бірінде 28 жастағы келіншек лифт ішінде қайтыс болды. Қайғылы оқиғадан соң сараптама комиссиясы құрылып, тексеру жұмыстары жүре бастады.

    Жантүршігерлік оқиға өткен аптада 12 шағын ауданда болған еді. Тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың оң аяғын лифт қысып қалған. Өкпесі қысылып, ауа жетпей қалған келіншек оқиға орнында көз жұмады. Оқиға оның 3 жастағы қызының көз алдында болған. Осы жағдайдан соң Ақтөбеде сараптама комиссиясы құрылып, барлық лифтілердің жағдайы тексеріле бастады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев оқиғаның себебін анықтап, кінәлілерді табуды тапсырды. Ал журналистің өліміне себепші болған “Жәнібек Сервис” ЖШС қарасты ескі лифтілердің жұмысы тоқтатылды. Белгілі болғандай, оқиға болардан бірнеше күн бұрын лифтінің тросы ауыстырылған. Көп қабатты үй 1987 жылы салыныпты. Содан бері лифтіде кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілмеген болып шықты. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, қалада осындай жарамдылық мерзімі өткен 200-ден астам лифт бар.

    -Ақтөбеде 776 лифт бар. Алайда бүгінгі күні оның 283-інің жарамдылық мерзімі өткен. Талап бойынша, олар 25 жыл көлемінде пайдаланылуы керек. Осыған дейін қала бо-йынша 36 лифт ауыстырылды. Олар әбден ескіріп, тозығы жеткен еді. 2016 жылдан бері өзгеріс енгізілді. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес, тұрғындар жылу есептеу қондырғыларына қоса тұрғын үйдің шатырын, қасбеті мен жертөлесін жөндеуі тиіс. Тек лифтінің өзін ауыстыруға болмайды. Алайда бұған тұрғындар келісе бермейді,-дейді бөлім басшысы Хайдар Ермашев.
    Оның айтуынша, бүгінгі күні лифтілерді бірде-бір мемлекеттік мекеме қадағаламайды.Оны жөндеу мен ауыстыру пәтер иелерінің міндеті саналады. Айта кетелік, қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық Кодекстің 278 бабының 2 бөлігі бойынша (“Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан сапасыз құрылыс”) бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды. Ақтөбеде лифтіге мінген журналистің аяғын жұлып әкетті. Кабина мен шахтаның ортасында қалған келіншек қайтыс болды. Лифтіге қызмет көрсететін “Жәнібек Сервис” ЖШС қызметкерлерінен жауап алынып жатыр.
    “Керек info” газетінің ұжымы Айзат Әбдісамат жұмыс істеген “Қазақстан-Ақтөбе” телеарнасының ұжымына, туыс-
    тарына қайғырып, көңіл айтады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде лифтіде болған кісі өліміне қатысты іс қозғалды
  • Ақтөбеде дәрігерлердің басы тағы да дауға қалды
  • Ақтөбеде ескірген жылу құбырлары ауыстырылып жатыр
  • Ақтөбеде 50 отбасы жаңа пəтерге ие болды.
  • Ақтөбедегі әрбір екінші лифт адам өміріне қауіпті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге