Өртенген автобус жүргізушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

    Ақтөбе облысында 52 адам тірідей жанып кеткен автобустың 3 жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Ал көлік иесі қашып кеткен. Бұл жөнінде Бас Прокуратура хабарлады.

    ҚР Бас прокуратурасы жолаушылар тасымалы саласындағы тексеріс нәтижелерін жариялады. Қоғамдық мүддені қорғау қызметінің бастығы Азамат Дүйсембековтің айтуынша, жыл басында болған қайғылы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру 26 наурыз күні аяқталған.

    - Жүргізушілердің әрекеті Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі, яғни абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет деп сараланды. Айыпталушылар мен олардың қорғаушылары іс материалдарымен танысу сатысында», - деді ол.

    Оның айтуынша, айыпталушылар өз кінәсін мойындамай отыр. Ал автобус иесі қашып кеткен. Айта кетелік, қаңтар айында автобус өртінен 52 Өзбекстан азаматы қаза тапқан еді. Бес адам аман қалып, түрлі күйік жарақатын алды. Кейін жол апатына кінәлі саналған автобус жүргізушілері 24 наурызға дейін қамауға алынған еді. Тергеу жұмыстары аяқталмағандықтан, бұл мерзім тағы бір айға ұзартылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 100-ден астам автобус жүргізушісі жылдамдығын арттырған
  • Ақтөбеде өртенген автобустың жүргізушілері қамалды
  • Ырғызда өзбектер мінген автобус далада қалып қойды
  • Ақтөбеде автобуста өрттен қаза тапқандардың есімдері анықталды
  • Автобус жүргізушілері үш күнде 300 рет ереже бұзған
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге