Ақтөбеде сал болып қалған сәбидің денсаулығы жақсара бастады

    Ақтөбеде жұлынынан су алғаннан кейін сал болып қалған бала “Дару” клиникасына жоспарлы емдеуге жатқызылады. “Үміт” cәбилер үйінің дәрігерлері 10 айлық сәбидің қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

    Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе қаласының тұрғыны Эльмира Кульманова баласының сал болып қалуына дәрігерлерді кінәлаған еді. 10 айлық Самғат Қолбайға “энцефалопатия” диагнозы қойылып, жұлынынан сұйықтық алынған. Анасының айтуынша, содан кейін баланың денесі құрысып, белі ұстамай қалыпты. Қазір нәресте “Үміт” cәбилер үйінде ем алып жатыр.
    -Сәби бізге 20 ақпанда жатқызылды. Содан бері мамандар қарап, ем алып жатыр. Қазір баланың жағдайы жақсы. Салмақ қосты, денесінде құрысу белгілері де жоқ. Оңалту жаттығулары жасалып, толық массаж курсын алды. Бірақ әлі де оң жақ қолының күші әлсіз. Белін, басын ұстайды. Самғатты қазір қолмен демеп, отырғызып жүрміз,-дейді “Үміт” cәбилер үйінің бөлім меңгерушісі Нұргүл Сарманова.
    Мамандар сәбидің 10 мамыр күні жоспарлы оңалту үшін “Дару”клиникасына жатқызылатынын айтады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік әйел дәрігерлерді сотқа берді
  • Дәретханадан табылған сәби балалар үйіне тапсырылады
  • Ақтөбеде дәретханадан жаңа туған нәресте табылды
  • Қандыағашта подъезден табылған балаға ат қойылды
  • Қандыағашта подъезден жаңа туған нәресте табылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге