Дельфий ойындары мәреге жетті

    Дельфий ойындары мәреге жетті

    Ақтөбеде 10 маусым күні ҚР жастардың ХI Дельфий ойындарының іріктеу кезеңі аяқталды. Оған 100-ден астам жас қатысты.

    Дельфий ойындарында әдетте қатысушылар 19 номинация бойынша бақ сынасатын. Алайда, фортепиано, скрипка,баяннан ұсыныс түспегендіктен бұл жолы 16 номинация берілген. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне “Ақтөбе облысының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы” КММ кеңесшісі Айгүл Бисембина айтты.
    Айгүл Бисембинаның сөзіне қарағанда, 15-23 жас аралығындағы қыз-жігіттер қатысқан байқауға 100-ден астам үміткер тілек білдірген. Іріктеу кезеңі қалалық оқушылар сарайы, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледж, қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы және қалалық көркемсурет лицейінде өткізілді.

    Жүлдегерлер 4 шілдеде Астанада өтетін Дельфий ойындарының байқауына баратын болды. Республикалық байқаудан Ақтөбе облысы былтыр үшінші орынды иеленген болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде үздік отбасылар анықталды
  • Ақтөбелік жас футболшылар турнирге қатысуда
  • “Жұлдызай” фестивалі өтті
  • Бауырластар зираты мен ескерткіштер маңы тазартылды
  • Ерікті жастар ардагерлерге қол ұшын берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге