Өрттен егде жастағы әйел зардап шекті

    Өрттен егде жастағы әйел зардап шекті

    Ақтөбеде көп қабатты үйде болған өрт кезінде 89 жастағы кейуана зардап шекті. Бұл жөнінде облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

    Тілсіз жау 9 мамыр күні болған. Ақтөбенің Әкімжанов көшесінде орналасқан бес қабатты үйлердің бірінде үй заттары өртенген. Өрт алаңы 3 шаршы метрді құрады.
    -Өрт 9 мамыр күні күндізгі сағат 13.35-те шықты. Қызыл жалын сағат 14.05-те толықтай сөндірілді. Төтенше оқиға кезінде 4 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 1 тұрғын құтқарылды,-деп хабарлады ТЖД-нен.
    Өрт кезінде 1929 жылы туған әйел адам зардап шегіп, жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Ол тұншықтырғыш газбен уланып қалған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 20 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көп қабатты үйдегі өрттен екі адам зардап шекті
  • Ақтөбеде көпқабатты үйде шыққан өрттен 4 сәбиге иіс тиді
  • Ақтөбеде көп қабатты үйде шыққан өрттен 4 сәби уланып қалды
  • “Локомотив” кинотеатры өртенді
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге