Ақтөбелік оқушылар жүлдемен оралды

    Ақтөбелік оқушылар жүлдемен оралды

    Ақтөбедегі «Білім-инновациялық лицейінің» 27 оқушысы республикалық білім олимпиадасынан жеңіспен оралды. Ақтөбеден 53 оқушы барған жарыс Алматы мен Тараз қалаларында өтті.

    Оқушылар арасында өткен республикалық байқауға әр қаладан 500-ге жуық бала қатысты. Жүзден жүйрік, ойы тапқыр ақтөбелік жастар 27 медальмен келді.
    - Бұл байқау «Қазақстан білім олимпиадасы» деп аталады.
    Мектебімізден 20 бала Таразға барып бақтарын сынады. 33 оқушымыз Алматы қаласына барды. Солардың ішінде Алматыдан 19 бала жеңіске жетті. Тараздан 8 шәкіртіміз жүлделі орындар алды. Бұл біз үшін керемет көрсеткіш. Жарыс 7-9 сыныптар арасында болды. Республика бойынша әр пәннен 70-ке жуық оқушы қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Мектебіміздің биология пәнінен қатысқан оқушыларымыз жоғары деңгейді көрсетті. Ұйымдастырушылар тиянақты дайындалған. Осы білім байқауына жыл бойы дайындалдық, еңбегіміз ақталды,-дейді математика пәнінің мұғалімі Данияр Кулболдин.
    Жеңіске жетіп, білім сайысынан оза шапқан Дамир Наурызов, Асылхан Керей, Санжар Сағындық, Дидар Ахметов алтын медальға қол жеткізді.
    -Алтын медаль иегері боламын деп ойлаған жоқпын. Себебі мен де көп дайындық болған жоқ. Дайындалудың орнына көп ауырдым. Бірақ жеңіске жеткеннен кейін қатты қуандым. Дегенмен жарыс уақыты тақаған сәтте күндіз-түні дайындала бастадым,-дейді 7 класс оқушысы Дамир Наурызов.
    Айта кетейік, жыл сайын өтетін республикалық байқауға осы жылы қаламыздан 53 оқушы қатысты. Алдыңғы жылы «Білім-инновациялық лицейі» бірінші орын иегері болған еді. Осы жылы екі саты өзге қалалардан төмен түсіп, үшінші орынға ие болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік оқушылар үздік атанды
  • Ақтөбелік қыздар республикалық байқаудан бас жүлдемен оралды
  • Ақтөбелік оқушылар жүлдемен оралды
  • Ақтөбелік оқушылар республикалық өнер байқауынан оралды
  • Жасөспірімдер Республиқалық жарыстан жеңіспен оралды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге