Ақтөбеде биыл 36 жағажай ашылады

    Ақтөбеде биыл 36 жағажай ашылады

    Ақтөбеде 1 маусымда суға шомылу маусымы басталады. Биыл ақтөбеліктерге 36 жағажай қызмет көрсететін болады.

    Өңірде шомылу маусымына дайындық басталды. Төтенше жағдайлар қызметі облыс тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде. Биыл тұрғындарсу жағасындағы 36 жағажайда өз демалыстарын өткізе алады. Олардың қауіпсіздігін арнайы құтқарушы жасақтар мен полиция көмекшілері қамтамасыз етеді.
    -Облыс аумағында барлығы 36 жағажай бар. Оның оны қалада орналасқан. Аудандарда 26 демалыс орны бар. Олардың ішінде 11-і коммерциялық, 34-і коммуналдық болып табылады. 7 жасқа дейінгі балалар ақысыз түрде демалады. Ал 7-14 жас аралығындағы тұрғындар 50 пайыз жеңілдіктермен кіреді. Құтқару станцияларының жауапты аймақтарына 2 жер учаскесі бөлінді. Жасалып жатқан барлық шаралар судағы өлім-жітімнің санын азайтуға әсер етеді. Сонымен қатар өңірде 8 жазғы балалар сауықтыру лагері мен 4 демалыс орны өз жұмысын жалғастыратын болады. Олардың бесеуі су айдындарына жақын орналасқан. Барлық лагерьлерге профилактикалық шаралар ұйымдастырылатын болады,-дейді Жедел-құтқару жасағының кезекшілік-диспечерлік қызметінің басшысы Оксана Кичигина.
    Айта кетейік, жаз мезгілінде су айдындарында жұмыс жасау үшін 65 құтқарушы жасағы қамтылған. Сондай-ақ 24 жүзу құралдары мен 24 дана техника қарастырылған. Өрт-сөндіру және авариялық құтқару қызметінен 150 адам жұмыс жасайтын болады. Мектеп оқушыларының арасында 25 мамырға дейін судағы қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде адамдар суға кетіп жатыр
  • Жағажайлар шомылу маусымына әзір емес
  • Суға шомылу маусымы басталды
  • Ақтөбеде 22 жастағы жігіт мас күйінде суға батып кетті
  • Cуға түсуге рұқсат етілді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге