Бекқұлбаба ауылына газ, су мен жарық беріледі

    Ақтөбенің іргесіндегі Бекқұлбаба ауылында жаңадан салынған үйлер бір айдың ішінде инженерлік желілерге қосылады. Бұл жөнінде қала әкімі аппаратының бөлім басшысы Жандос Өтеулин айтты.

    Естеріңізге сала кетелік, қазір Ақтөбеден 23 шақырым жердегі Бекқұлбаба ауылында газ, су мен жарық жоқ. Ауыл тұрғыны Сағындық Ибраевтың айтуынша, ол мемлекеттен берілген тегін жер кезегін 12 жыл бойы күткен. Алайда көптен күткен жер телімін алып, баспаналы болған оның қуанышы көп ұзамай су сепкендей басылды.Өйткені өркениетке қажеттінің барлығы үйдің іргесіне келіп тұрғанмен, коммуникациялық желілер екі жылдан бері қосылмаған. Құрылыс жұмыстары кешеуілдеп, ауыл тұрғындары жаңа қоныстарына көше алмай жүр. Амалы таусылған халық журналистерден көмек сұраған еді. Олар биліктің коммуникациялық желілерді қосуға асықпай отырғанын айтқан. Енді ауыл тұрғындарының үміті ақталып, нәтиже шыға бастаған сыңайлы.
    -Өткен жылы құрылыс-монтаж жұмыстары толықтай аяқталған еді. Алайда ауа райына байланысты желілерді сынау, тексеру жұмыстары жүргізілген жоқ. Өйткені құбырға қыста жіберілген су қатып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда желіні толықтай ауыстыруға тура келеді. Ол кезде тек осы ауыл ғана емес, жақын жердегі елдімекендер де коммуникациялық желілерден ажыратылады. Қазір ауа райы жақсарды. Сол себепті инженерлік желілерге қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір айдың ішінде ауыл газ, жылу мен жарыққа толықтай қосылады. Бір-екі күндікте ауылға жарық беріледі. Су желілері осы аптаның аяғында іске қосылады. Ал газ
    маусым айының орталарына таман беріледі,-деді Жандос Өтеулин.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде тегін жер алғандардың құрылысы жүрмей жатыр
  • Бекқұлбаба ауылында көше жарығы теріс орнатылған
  • Ауыл тұрғындары мәдениет үйі үшін уайымдайды
  • 2017 жылы Ақтөбе облысы электр энергиясымен өзін-өзі толықтай қамтамасыз етпек
  • Ақтөбеде келер жылы 981 пәтер қолданысқа беріледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге