Ақтөбедегі “Мен қазақпын” жобасында күзетші де бақ сынады

    Ақтөбе облысында “Мен Қазақпын” мегажобасының екінші маусымының іріктеу кезеңі басталды. Қатысушылардың арасында арнайы музыкалық білімі жоқ жұмыссыз адамдар мен күзетші де бар.

    Қазір Ақтөбе облысының аудандарында халықаралық мегажобаның іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Оған 18 бен 40 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады. Үміткерлер күй, терме, дәстүрлі ән номинациясы бойынша бақ сынайды.
    -Өнерпаздар домбыра, қобыз, сырнай аспаптарының сүйемелдеуімен халық әндерін, қазақ композиторларының әуендерін орындауы қажет. Аудандарда іріктеу кезеңі мамыр-маусым айларында өткізіледі. Жоба күй мен жыр-терме секілді дәстүрлі өнерімізді жаңғыртып, жас ұрпаққа насихаттауды мақсат етеді.Әрі халық арасындағы таланттар анықталады. Телевизиялық жоба Ұлттық арна эфирінен көрсетіледі, -дейді “AQTOBE”телеарнасының директоры Ернұр Бурахан.
    Оның айтуынша, бұл жобаға қатысу үшін арнайы музыкалық білімнің болуы шарт емес. Байқауға қатысу үшін үміткер жергілікті жердегі халық шығармашылығы үйіне хабарласа алады. Алғашқы іріктеу кезеңі Алға ауданында өтті. Байқауда кәсіби мамандармен қатар арнайы музыкалық білімі жоқ тұрғындар да бақ сынаған. Қазылар алқасы 42 жастағы ауыл тұрғыны Амандық Айтмағанбетовтің өнеріне тәнті болған. Ол "Дүние-ай"атты халық әнін орындады. Үміткердің арнайы дипломы жоқ, күзетші болып жұмыс істейді. Телевизиялық жоба кезінде 5 үміткер жеңімпаз атанған. Олар 17 маусым күні Ақтөбеде өтетін облыстық кезеңге қатысады. Ал іріктеуден өткен үздік үш өнерпаз Астанада өтетін республикалық өнер додасында сыналмақ. Айта кетелік, “Мен Қазақпын” мегажобасы өткен жылы алғаш рет өткізілген еді. Оған барлығы 3000-ға жуық үміткер өтініш білдірді. Ал Астанада өткен телефизиялық жобада 57 өнерпаз бақ сынады. Ақтөбе облысының атынан қатысқан Ардақ Елеусіз күй өнері бойынша бас жүлдені иеленді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктер халықаралық байқауда жүлделі болды
  • “Bala Turkvizyon” байқауына қатысатын ақтөбелік анықталды
  • “BALA Turkvizyon–2015” байқауына әнші балалар іріктеледі
  • Дельфий ойындары мәреге жетті
  • “Жұлдызай” фестивалі өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге