Ақтөбеде Орынбор облысының аллеясы салынады

    Ақтөбедегі Батыс-2 ықшам ауданында Орынбор аллеясын ашу жос-парланып жатыр. 300-ден астам көшет отырғызатын аллеяға халық көп шоғырланады деп күтілуде. Бұл туралы Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

    -Ақтөбеде Орынбор облысының аллеясын ашу жоспарға алынды. Онда шамамен 300-ден астам көшет, негізінен шыршалар, қайыңдар мен өріктер отырғызылатын болады. Аумақты көркейту жұмыстарына қырлы кеспе тастар салу және аркалар орналастыру қосымша жүргізілуде. Арка екі көрші халықтың достық нышанына айналады, - дейді сыртқы байланыс және туризм басқармасы басшысының орынбасары Алмас Салықбаев.
    Аллея қалаға өзінің қызықты нысандарымен белгілі Батыс-2 ықшам ауданында орналасатын болады.
    -Біз өз тарапымыздан аллея тұжырымдамасын әзірледік. Орман шаруашылығы министрлігі мәселені Ақтөбе тарапымен бірлесіп қарауда. Осы жоба жергілікті тұрғындар үшін жанға жағымды тосын сый болады деп ойлаймын,-дейді РФ Орынбор облысының халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары Александр Дьяченко.
    Айта кетейік, Ақтөбе өңірімен шектес жатқан Орынбор облысының күндері облыс орталығында мамырдың 18-і мен 19-ы аралығында болады. Онда түрлі көрмелер, семинарлар өткізіледі, мәдени бағдарлама дайындалды. Облыс басшысы мұндай шараларды мәдени байланыстарды нығайту ғана емес, сондай-ақ тәжірибе алмасу, экономиканың барлық салаларында ынтымақтастықты, денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы үшін барынша пайдалануды тапсырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл Өзбекстанда Ақтөбе облысының күндері өткізіледі
  • Ақтөбе мен Татарстан ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
  • Орынбор қаласынада Ақтөбе облысының күндері өтіп жатыр
  • Биыл Ақтөбеде көз аурулары клиникасының құрылысы басталмақ
  • “Алақай” қуыршақ театры Орынборға барады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге