Ақтөбеде мемлекеттік қызметкер есірткіге әуестігі үшін қызметінен қуылды. Қоластындағы жұмысшысының теріс әрекеті үшін басшылары да тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Ақтөбе облысының мемлекеттік кіріс департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Жыл басынан бері мемлекеттік мекемеде бірқатар заңсыздықтар тіркелген.
- Жыл басынанан бері департамент қызметкерлерінің үстінен сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін 4 қылмыстық іс қозғалды. Қазір лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ал Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері кадр қызметіне жалған жұмысқа жарамсыздық қағазын берген. Қазір бұл дерек облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмете тергеліп жатыр. Сондай-ақ бір қызметкер мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін қызметтке толық сәйкес екендігі жөнінде ескерту алды. Сондай-ақ экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің арасында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдалануға бейім жеке тұлғалар анықталды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде мемлекеттік кірістер органынан теріс қылықтар бойынша 1 қызметкер жұмыстан босатылды. Сонымен бірге тікелей басшысы және Департамент басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ департаменттің 2 лауазымды тұлғасы көлік құралын мас күйінде басқарып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаы белгілі болды. Ал 10 қызметкер қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін жазаланды,-деп хабарлады департаменттен.