Ақтөбе облысында СПИД жұқтырған 13 адам тіркеуде тұр

    Өңірде биыл 18 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырды. Басым бөлігі індетті жыныстық жолмен жұқтырған. Бұдан өзге СПИД ауруына шалдыққан 13 адам қазір емделіп жатыр.

    Қазақстанда жыл сайын 20 мамырда ЖИТС-тен( СПИД-ред.) қайтыс болған адамдарды еске алудың халықаралық күні атап өтіледі. Биыл бұл атаулы дата “Ұмытпаймыз, білеміз, жеңеміз”атты ұранмен өткізіледі. Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының бөлім меңгерушісі Айжан Жайлаубаеваның айтуынша, қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бүгінгі күні АИТВ (ВИЧ –ред.) жұқпасымен 437 адам тіркеуде тұр. Оның 350-ге жуығы Қазақстан азаматы, ал қалғаны шетел азаматтары. Биыл 18 ақтөбелік АИТВ жұқпасын жұқтырған.
    -Ақтөбеліктердің арасында АИТВ жұқпасын жыныстық жолмен жұқтыратындар көбейіп келеді. Бұл көрсеткіш 83 пайызды құрап отыр. Яғни, 15 адам бейберекет жыныстық қарым-қатынастың кесірінен індетке шалдыққан. Олардың жас шамалары 30 бен 39 аралығында. Көпшілігі жұмыс істейді. Ал қалған үш адам - иньекциялық есірткі қолданғандар. АИТВ жұқпасына шалдыққандардың 12-сі медициналық тексеру кезінде анықталды. Ал қалғаны орталыққа өздері келіп, анонимді түрде дәрігердің қабылдауына жазылған. Қауіпті індетті шетелден жұқтыратындар да бар. Бірнеше жыл бұрын ақтөбелік бойжеткен Германиядан ауру жұқтырып келді,-дейді Айжан Жайлаубаева.
    АИТВ жұқпасының арнайы клиникалық белгілері жоқ. Ол тек қан алу кезінде ғана анықталады. Сондықтан адам ауру жұқтырғанын бірнеше жылдан кейін біледі. Қазір өңірде АИТВ жұқпасына шалдыққан 3 бала есепте тұр.Олардың екеуі ауруды анасынан жүктілік кезінде,ал біреуі емшек сүті арқылы жұқтырған. Ауру анықталған балалар қазір дәрі-дәрмектің көмегімен емделіп жатыр. Бұл инфекция адамдарға тұрмыстық жағдайда жұқпайды. Сондықтан дәрігерлер АИТВ жұқпасына шалдыққандарды қоғамнан оқшауламау керектігін айтады. Облыста 1989 жылдан бері АИТВ жұқпасымен ауырған 88 адам қайтыс болған. Олардың 23-і ЖИТС-ке шалдыққан.
    -Биыл мұндай дерек тіркелген жоқ. Науқастар ЖИТС індетіне шалдыққанмен, көбіне туберкулез бен онкологиялық аурулардың салдарынан көз жұмады. Соңғы кезде бұл аурудан қайтыс болатындардың саны азайды. Өйткені науқастарға 2005 жылдан бастап тегін дәрі беріледі. Адам толық жазылып кетпейді, бірақ вирус клеткадан шықпайды.Соның арқасында науқас ұзақ өмір сүреді. Бірақ дәріні уақытында ішу керек. Қазір 30 жылдан бері АИТВ жұқпасымен өмір сүріп жеткен әйел адам бар. Ол екі жасында ауру жұқтырған. Барлығы адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына байланысты, -дейді Айжан Жайлаубаева.
    Бүгінгі күні орталықта ЖИТС жұқтырған 13 адам тіркеліп тұр. Олардың барлығы арнайы ем қабылдайды. Ақтөбеде 17 мамырдан бастап ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алуға арналған іс-шаралар өткізіледі. Автошеру ұйымдастырылып, әуеге шамдар ұшырылады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік жастар арасында ВИЧ жұқтырғандар көбеюде
  • Туберкулезге шалдыққан 7 адам дәрігерлерден қашып жүр
  • Ақтөбеде 6 гей жыныстық жолмен ВИЧ жұқтырған
  • Ақтөбеде ВИЧ инфекциясын жыныстық жолмен жұқтырушылар көп
  • Жастар СПИД-ке қарсы!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге