Ойылдың жолы үшін хром қосындылары пайдаланылған

    Ақтөбенің Ойыл ауданына апаратын жолға қиыршық тастың орнына хром қалдықтары төселген. Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айбек Паяев хабарлады.

    Ойыл ауданына апаратын трассада жол салған компания қиыршық тастың орнына құм пайдаланған. Тексеріс кезінде бұл құмның хром қалдықтары екені анықталған.
    -Жол салған мекеме стандартқа сай қиыршық тас төсеудің орнына, асфальт астына құм салған. Хром қалдықтары ылғал тисе шөгіп қалады. Жаңа салынған жолдың жылға жетпей ойылып қалатыны сондықтан. Қаншама қаржы жұмсалып, жол салынса да бір маусым өтпей бәрі тесіліп жатады. Егер стандартқа сай қиыршық тас төселген болса, жол ойылып қалмас еді. Ойылдың жолымен мердігер компания айналысады, ал біздер осы жол үшін ұрланған ақшаны бюджетке қайтарамыз. Егер салықтан жалтарған болса, бұл мемлекетті алдау деген сөз. Ал мемлекетті алдауға ешкімнің құқы жоқ,- деді ол.
    Басқарма басшысының мәлімдеуінше, Ақтөбедегі мейрамханалар да салықтан жалтарудың түрлі тәсілдерін үйреніп алған. Айтуынша, 12 адамды жұмыспен қамтып отырған мейрамханаларды тексеру барысында бұл жерлерде 50 адамға дейін жұмыс жасайтыны анықталған.
    -Мейрамханалар тәулікте 1 млн теңге табыс тауып отырса да, кірістерінің көлемін азайтып көрсетеді. Қазір мейрамханаларды тексеру жүріп жатыр. Нақты қандай сомаға айыппұл салынатыны тексерістен кейін белгілі болады,- дейді басқарма басшысы.
    Сондай-ақ, сапасыз арақ шығаратын екі зауыт тексеріліп жатыр. Олар стандартқа сай емес өнім шығарған. Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жыл басталғалы мемлекеттік бюджетке 123,5 млрд теңге шамасында кіріс түсірген.
    -Тұрғындар азаматтық позицияларына берік болып, сауда жасаған соң фискальді чек талап етуге құқылы. Егер алған тауарыңыз талапқа сай болмай немесе істен шыққан болса, сол чек арқылы өз құқығыңызды қорғай аласыз,- деді басқарма басшысы.
    Айтуынша, 21 мамырдан бастап «Чек талап етіп жүлде ұтып ал!» акциясы басталған. Акция барысында түрлі жүлделерге, автокөлік ұтып алуға мүмкіндік бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алкогольдік ішімдік шығаратын жасырын цех анықталды
  • Зауыт жұмысшылары жалақыларын ала бастады
  • Хромтау мен Темір аудандары жоспарды орындамаған
  • Жолға жауапты шенеунік: Мен де машинамды соғып жүрмін
  • Бюджетке 62 млрд теңге түсті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге