Ақтөбеліктер ақылы емханаларда тегін қарала алады

    Ақтөбеліктер өзінің учаскелік дәрігерінің жолдамасымен жеке аурухана-емханаларда медициналық көмек алуға құқылы. Бұл жа-йында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы хабарлайды.

    Әлеуметтік медициналық қор жеке медициналық орталықтардың белгілі бір қызметтерін қаржыландырып жатыр. Осыған сәйкес, ақтөбеліктер ақылы клиникаларға тегін қарала алады. Бірақ бұл үшін міндетті түрде учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет.
    Айта кететін жайт, Ақтөбе облысында жоғары технологиялық қызмет көрсететін жеке медициналық мекемелер жетерлік. «Көз жарығы», «Актобе БелАсу», «Акниет плюс», «Айгерим» «Евразия», «Интертич», «Дару» секілді емдеу орталықтары міндетті медициналық сақтандырудың артықшылығын түсінді. Келер жылы олар халыққа көрсетілетін тегін медициналық көмектің түрлерін арттырмақ.
    Яғни, қазіргі таңда мемлекет әр қаралған науқас үшін жеке клиникаларға қаражат аударуда. Осылайша, сапалы медициналық қызмет көрсетуде мемлекеттік пен жеке меншік медицина мекемелерінің арасында бәсекелестік орнайды.
    Ресми статистикаға жүгінсек, жыл сайын қазақстандықтардың қалтасынан 640 млрд. теңге жеке клиникаларға жұмсалады. Дәрі-дәрмекті есептемегенде, 18 миллион қазақстандықтың әр қайсысы 36 мың теңгесін ем алуға беріп отыр.
    Егер әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толық енгізілсе, қазақстандықтардың шығыны әлде-қайда төмендейді. Ай сайынғы шағын жарнаның арқасында кез келген тұрғын сапалы тегін медициналық көмекке жүгіне алады.
    Ақтөбенің қай жеке клиникаларында тегін емделуге болатынын білу үшін Медициналық сақтандыру қорының FMS.KZ сайтына кіріңіз. Сондай-ақ, 97-23-22 телефонына хабарласып, ақпаратты жергілікті Медициналық сақтандыру қорының Ақтөбе облысындағы филиалынан білуге болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Медициналық сақтандырудың ақшасы қандай жағдайда қайтарылады?
  • Медициналық сақтандырудың ақшасын қайтарып алуға болады
  • Жұмыссыздарға медициналық көмек көрсетілмейді
  • Төлемесең - емделмейсің!
  • Кім тегін емделеді?
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге