“Бақытты бала” байқауының бас жүлдесі 2 млн теңге

    Ақтөбеде 1-2 маусым күндері “Бақытты бала” балалар вокалдық фестивалі өтеді. Бас жүлде 2 млн.теңге.

    Байқауға өтініштер наурыз айынан бастап қабылданған. Барлығы 10-15 жас аралығындағы дарынды балалардан 420 өтініш келіп түсті. Іріктеу нәтижесінде 20 балаға сахнаға шығуға мүмкіндік беріліп отыр. Балалар қазақ және әлем хитін орындап бақ сынаспақ.
    -Комиссия мүшелері жобаларды топтасып отырып талқыға салмады. Әркім өзінің жұмыс бөлмесінде, біреу үйінде отырып барлық жобамен танысып шықты. Бір қызығы, комиссия мүшелері пікірінің 95 пайызы сәйкес болып шықты,- дейді “ДимашАли” шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев.
    Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысушылардың төртеуі Ақтөбенің атынан шықпақ. Қазылар алқасының құрамында әнші, ұстаз Марат Әйтімов пен Жеңіс Ысқақова, Түркиялық әнші Эмре Юселен, Украинаның Алтын даусы атанған Влад Сытник бар. Фес-тиваль “Өнер орталығында” етеді. Билет құны 1000-3000 теңге аралығы. Қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханованың сөзіне сенсек, аталмыш фестиваль жыл сайын өтетін болады. Қазіргі кезде облыс әкімшілігі тарапынан қолдау тапқан. Осылайша, “Бақытты бала” байқауы Ақтөбе облысының брендіне айналмақ. Айдарханова хабарлағандай, байқау 2020 жылы Астанада, 2021 жылы Алматыда өткізіледі деген жоспар бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде бард әндерінің фестивалі өтеді
  • “Балбөбек” байқауы мәресіне жетті
  • Рахманға дауыс берейік!
  • “Bala Turkvizyon” байқауына қатысатын ақтөбелік анықталды
  • “BALA Turkvizyon–2015” байқауына әнші балалар іріктеледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге