«Бақытты бала» байқауының жеңімпаздары анықталды

    Ақтөбеде өткен халықаралық «Бақытты бала» байқауының жеңімпаздары анықталды. Бас жүлдеге тігілген 2 млн теңге қос өнерпазға теңдей бөлінді. Бақытты бала вокалдық байқауының бір жеңімпазы ақтөбелік Нарғыз Жанұзақова болды.

    Халықаралық байқауда 20 өнерпаз бақтарын сынады. Жиырма таланттың ортасынан суырылып шығып, ақтөбелік Нарғыз Жанұзақова мен Ержан Максим жеңіске жетті. Әр қатысушыға ақшалай сыйлықтар мен жүлделі орындар тапсырылды.
    Еске сала кетейік, байқауға 10-15 жас арасында 420 өтініш түскен еді. Қазақстанның әр өңірінен, сонымен бірге Өзбекстан, Ресей елдерінен қатысты.
    Екі күнге созылған байқаудың жеңімпаздарын анықтауға қазылар алқасының құрамында Украинаның алтын дауысы Влад Сытник, әнші Жеңіс Ысқақова болды. Сонымен қатар Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Нодира Перматова мен Димаштың ұстазы Марат Әйтімов та кездесті. Сахна төрінде жүлдегерлер ән шырқады. Сонымен қатар әлемге әйгілі әнші, «Славян базары 2015», «Singer-2017» халықаралық конкурстарының жеңімпазы, қазақ елінің мақтанышы Димаш Құдайберген өнер көрсетті. Жеңімпаздар арасында «Жолдасов production» продюсерлік орталығының арнайы сыйлығы Ерасыл Мұқановқа бұйырды. Ерасыл продюсерлік орталықтан тегін ән жаздыру мүмкіндігіне ие болды. Ақтөбелік өнерпаз Нарғыз Жанұзақова Димаш Құдайбергеннің концертіне қатысады. Байқау нәтижесінде жүлдесіз қалған ешкім болмады.
    -Байқаудың нәтижесі өте жоғары деңгейде. Қатысушылардың барлығы дерлік өте талантты, шынайы дарындылар. Ұйымдастырылу жағына келетін болсақ, өте ерекше. Менде кішкентай кезімде 30-дан асқан балалар байқауына қатысқаным бар. Әрбір балада қалай қорқыныш сезімі болатынын білемін. Менің қоятын ең басты талаптарым баланың дауысы мен әртістік қабілеті. 20 жастың ішінен нағыз талантты табудың, ірктеудің өзі қиын. Қазақстандық жастар өте дарынды орта, әншілердің ортасы. Украинада да дәл солай. Мен өнерлі жастары көп үш мемлекетті білемін. Оның бірі Қазақстан және Украина мен Грузия. Бірінші кезеңде байқау қатысушылары дәстүрлі ән орындады. Екінші кезеңде әлемдік хит әндер болды. Барлығы бір-бірінен басып озады. Қазіргі жастар, ертеңгі күннің болашақ жұлдызы. Сондықтан осындай жарыстарды көп ұйымдастыру керек,-дейді «Славян базары-2017» байқауының жеңімпазы Влад Сытник.
    Бақытты бала байқауының гала концерті кезінде «Витебскідегі Славян базары» халықаралық байқауының жеңімпазы Луиза Нұрқуатова, армян әншісі Джордан Аракелян, әуе гимнасты Анастасия Дидух пен «Голос. Діти» вокалдық конкурсының жеңімпазы Данелия Төлешова өнерлерін көрсетті.
    Халықаралық байқауға қатысушылардың мақсаты бір болды. Өнерлерін ортаға салып, жеңімпаз атану. Алматылық Аделина Мұхаметжанованың да арманы сол болатын. Дегенмен байқаудың арнайы сыйлықтарына ие болып, «Үміт» номинациясының иегері атанды.
    -Байқауды қорытындылайтын өзім. Екінші кезеңде италиян елінің хит әнін орындаймын. Қазір жасым 10-да болғанымен, 5 жыл қатарынан ән айтып жүрмін. Осы бағытта да арнайы білім алып жүрмін. Байқауға қатысып жатқанымның өзі бақыт. Міне бүгінде Димаш тәрізді керемет әншіден үлгі алып келемін. Кішкентай кезімде Алла Пугачеваның әндерін сүйіп тыңдайтынмын. Бүгінде сол жандарға қарап еліктеп өсіп келемін. Болашақта опералық әнші болғым келеді. Өзіме қатты ұнайды. Байқауға киген көйлегімнің көп жылдық тарихы бар. Бұл көйлек анамның мектеп бітіру кешінде киген көйлегі. Маған «Бақытты бала» байқауына киюге бұйырыпты,-дейді алматылық Аделина Мұхамеджанова.
    Айта кетейік, жарыс жеңімпазы атанған үш орын лауреаттарына 500 мың теңгелік сертификат табысталды. Олардың қатарында ақтөбелік Миржан Жидебай бірінші орын иегері болды. Ақтөбенің намысын қорғаған Санат Асуат пен көптеген байқаулардың жеңімпазы Рахман Сатиев екінші дәрежелі лауреат атанды. Сонымен бірге үшінші орыннан Назгүл Байменова көрінді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Бақытты бала” байқауының бас жүлдесі 2 млн теңге
  • Республикалық «Жас қанат-2018» байқауында жерлесіміз бақ сынайды
  • Ақтөбеде «Бала Дауысы» аймақтық іріктеуінің жеңімпазы анықталды
  • Димаш Құдайбергенов "Славян базары" байқауына қатысады
  • Әлия Әшім – “Қазақ Аруы-2015“ байқауының жеңімпазы
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге