20 жыл бойы ауруын жасырған ақтөбелік зейнеткерге жеке клиникада тегін ота жасалды

    Дертінен сауыққан 62 жастағы әйел бұған дейін тегін ота жасатуға болатынын білмеген.

    «20 жыл бойы дертімді жасырып жүрдім, ешкімге айтпадым. Төсекке таңылып жатып қалмаған соң жүре бергенмін. Тек қыста скринингтен өткенде, дәрігерлер диагнозды нақтылап, емделу қажет екендігін баса айтты. Ота жасатуға қалтам көтере алмайды деп қатты уайымдадым. Өзім зейнеткермін», - дейді Гүлшат Бәйішева.
    Науқасты қараған № 3 қалалық емхананың хирург дәрігері жаңа медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тегін көмек алуға болатынын жеткізген.
    «Шыны керек, мен мұны білмеппін. Дәрігерім Бибігүл Мұханова көзімше «Қуаныш» жеке клиникасына хабарласып, бос орынның бар екенін анықтады. Анализ тапсыруды өзім кешіктірдім. Сондықтан емханаға сәл кеш жаттым. Екі күннің ішінде ауруханаға қабылдап, сараптамаларын жасап, 1 маусым күні маған отаны сәтті жасап аяқтады. Міне, аз уақыттың ішінде 20 жыл бойы қиналған дертімнен құлан-таза айықтым», - деді қуанышын жасыра алмаған зейнеткер.
    Айта кетейік, 2018 жылдан бастап тұрғындар жеке клиникаларда тегін ем қабылдауға құқылы. Ол үшін алдымен тұрғылықты мекенжай бойынша емдеп жүрген дәрігердің жолдамасы қажет.
    Қазіргі таңда Ақтөбе облысы бо-йынша әзірге тек 22 жеке клиника ғана Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен әріптестік қарым-қатынас орнатты. Болашақта жоғары сапалы медициналық қызметті тегін көрсететін клиникалардың саны артпақ.
    Толық ақпарат алу үшін fms.kz сайтына кіріңіз немесе 972-322 телефонына қоңырау шалыңыз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктер ақылы емханаларда тегін қарала алады
  • Медициналық сақтандырудың ақшасы қандай жағдайда қайтарылады?
  • Медициналық сақтандырудың ақшасын қайтарып алуға болады
  • Төлемесең - емделмейсің!
  • Кореялық дәрігерлер тәуелсіздік мерекесіне бауыр алмастыру операциясын тегін жасады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге