“Men Qazaqpyn” жобасының іріктеу кезеңі аяқталды

    Ақтөбе облысында “Men Qazaqpyn” халықаралық музыкалық мегажобасының іріктеу кезеңі аяқталды. Облыстық кезеңде 33 үміткер бақ сынайды. Бұл жөнінде “Қазақстан” РТРК”АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрлыгүл Көшекбаева айтты.

    Оның айтуынша, “Men Qazaqpyn” мегажобасы музыка таланттарын анықтау, ұлттық өнерді насихаттау мақсатында жүргізіледі.
    -Іріктеу кезеңіне Ақтөбе қаласынан және 12 ауданнан 70-ке жуық үміткер қатысты. Олардың ішінен облыстық кезеңге 33 өнерпаз жолдама алды. Атап айтқанда, “дәстүрлі ән” және “Терме” номинациялары бойынша 12 үміткер жеңімпаз атанды. Тағы 9 үміткер “Күй” бағыты бойынша өнерлерін көрсетеді. Облыстық кезең 17 маусым күні Ақтөбеде болады”, - деді Нұрлыгүл Көшекбаева.
    Биыл “Men Qazaqpyn” жобасына қатысушыларды іріктеу Қазақстанның 14 облысындағы 180 елді-мекендері мен аудан орталықтарында өтеді. Байқауға халық әндерін ұлттық аспаптарда: домбырада, қобызда, сырнайда орындайтын, 18-ден 40 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Жоба алғаш рет 2017 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен “Qazaqstan” РТРК” АҚ ұйымдастырды. Өткен жылы бұл жобаға барлығы 3000-нан астам үміткер өтініш білдіріп, олардың арасынан 700-дей адам іріктеліп алынды. Ал, республикалық телевизиялық байқауда 57 өнерпаз бақ сынады. Жобаға қазақ тіліндегі музыкашылар тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар Ресейден, Қытайдан және Моңғолиядан да қатысты. Айта кетелік, жоба қорытындысы бойынша “Үздік күйші – 2017” атағының иегері және жеңімпазы ақтөбелік күйші Ардақ Елеусіз болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі “Мен қазақпын” жобасында күзетші де бақ сынады
  • “BALA Turkvizyon–2015” байқауына әнші балалар іріктеледі
  • Дельфий ойындары мәреге жетті
  • “Жұлдызай” фестивалі өтті
  • 30 үміткер білімдерін көрсете алмады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге